АҚШ пен Мысыр президенттері Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге келісті

Жарияланды
АҚШ пен Мысыр президенттері Палестина тұрғындарына көмек жіберді

Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси Палестина эксклавының тұрғындарына 20 жүк көлігін өткізу үшін Мысыр мен Газа секторының шекарасында орналасқан Рафах қаласындағы шекаралық бақылау бекетін ашуға келісті. Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлады.

Байден 20 жүк көлігі алғашқы бөлік екенін атап өтті. Жалпы гуманитарлық көмек ретінде 150 көлік жіберу жоспарланып отыр.

АҚШ пен Мысыр арасындағы келісім президент Байденнің Израильге сапары кезінде орнатылды..

Оның айтуынша, «егер ХАМАС осы көмекті тәркілесе немесе жібермесе», онда басқа көмек түрлері болмайды. Өйткені АҚШ-тың «Хамасқа гуманитарлық көмек жіберуге ниеті жоқ».

Ақ үйдің хабарлауынша, АҚШ пен Мысыр президенттері БҰҰ-ның Газа тұрғындарының гуманитарлық көмекке қол жетімділігін қамтамасыз ету туралы үндеуіне «шұғыл және батыл» жауап беруге келіскен.​​​​​​​

Сонымен қатар, тараптар Таяу Шығыста берік бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға жәрдемдесуге дайын екендіктерін айтты.Сонымен қатар Вашингтон мен Каирдің АҚШ пен Мысыр арасындағы стратегиялық серіктестікке деген адалдығын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз