Қазақстанда уақыт белдеулерін өзгерту мүмкін – Экология министрлігі түсінік берді
Елімізде уақыт белдеулерін өзгерту мүмкін. Бірақ нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде хабарлады.
Уақыт белдеулерін қалай өзгертпек. Қазақстанда бүкіл ел бойынша бірыңғай уақыт белдеуін орнатқысы келеді. Уақытты өзгерту мәселесін экология және табиғи ресурстар министрлігі Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп зерттеп жатар Ол үшін депутаттардың, орталық мемлекеттік органдардың, жұртшылық пен ғылыми ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен арнайы жұмыс тобы құрылды.
«Алайда қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылданған жоқ. Нақты шешім мәселені егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін, сондай-ақ жұртшылықпен кеңінен талқылаудан кейін қабылданады», – деп түсіндірді Экология министрлігі.
Қазір таңда Қазақстанда қандай уақыт белдеулері бар. Қазақстан аумағы UTC+5 және UTC+6 уақытымен екі уақыт белдеуіне бөлінген, дегенмен ол іс жүзінде төрт географиялық уақыт белдеуінде орналасқан: UTC+3, UTC+4, UTC+5, UTC+6. Жазғы уақыт 2005 жылы тоқтатылды.
Қазір бір сағаттық айырмашылық (елорда уақытынан кейін) Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында (оның ішінде Байқоңыр) қолданылады.