Жаңалықтар

Kaspi.kz акцияларын АҚШ-та орналастырады

reutersconnect.com

Kaspi.kz финтех-компаниясы америкалық депозитарлық акцияларын болжалды жария орналастыру үшін тіркеуге өтінім беру жобасы туралы, яғни АҚШ нарығында сататыны жөнінде мәлімдеді.

«Kaspi.kz ақ («Компания») F-1 нысаны бойынша тіркеу өтінішінің жобасын АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына (SEC), компанияның қолданыстағы депозитарийін ұстаушылары компанияның қарапайым акциялары болып саналатын америкалық депозитарлық акцияларды жария орналастыруға қатысты құпия түрде ұсынғанын хабарлайды», – делінген Лондон қор биржасында (LSE) жарияланған хабарламада.

Болжалды ұсыныстың көлемі мен бағасын әлі де анықтау қажет. Акцияларды жария орналастыру нарықтық және өзге де жағдайларға байланысты болады, сонымен қатар SEC комиссиясының өтінімжі қарау процессіне де тәуелді болмақ, деп атап өтті Kaspi.

Айта кету керек, Kaspi.kz LSE-де IPO-ға 2020 жылы шыққан болатын. Акциялардың 15%-ын орналастыру барысында компания акционероері 1 млрд доллар алған болатын. Компания акциялары Қазақстан қор биржасында айналымда, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттар LSE-де сатылады.

Айта кетейік, Kaspi Bank финтех-тобына кіреді. Kaspi.kz холдингтің ірі акционерлері Baring Vostok (26,1% акция), Михаил Ломтадзе (23,4%) және Вячеслав Ким (22,3%) қорлары.

Kaspi Bank таза пайдасы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 224 млрд теңге болды. Меншікті капиталы – 597 млрд теңге, активтері – 5,7 трлн теңге, міндеттемелері — 5,1 трлн теңгеге жетті. Kaspi Bank 2023 жылы дивидендтер төлеген жоқ, ал 2022 жылы наурыз, маусым және қыркүйек айларында үш рет төледі.

Kaspi.kz фин-тех компаниясы осы жылдың I және II тоқсандары үшін аралық дивидендтерге төлем жасады. Яғни, бір акцияға 750 теңгеден төледі. I тоқсанда төлемдердің, шамамен, мөлшері 142,8 млрд теңгені немесе пайданың 80,2%-ын құрады (178 млрд теңге). Ал II тоқсанда-142,4 млрд теңгені немесе таза пайданың 71,92%-ын (198 млрд теңге) құрады. 

Бұдан бұрын Kaspi Bank кастодиандық қызметті жүзеге асыру үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясын алғанын жазған едік.