Сот орындаушылардың қызметін робот атқарады

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Сот орындаушылардың қызметін робот орындай бастайды. Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинге ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков айтты.

«Жеке сот орындаушысы борышкерлердің борышын өтеуді мәжбүрлеп орындаған кезде олардың қызметіне негізгі борыш сомасы және өндіріп алу сомасының 3-тен 25% -на дейінгі мөлшерде қосымша комиссия алынады. Азаматтарға борыштық жүктемені азайту үшін атқарушылық құжатты автоматты түрде қозғау және борышкерге хабарлама жіберу бойынша робот әзірленді. Роботты қолдану азаматтарға сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуге қосымша қаржылық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді», деді министр.

Ол сонымен бірге борышкерлерді олардың табысына тең пропорционалды алимент төлеуге ынталандыру мақсатында Smart Data Ukimet платформасында талдамалық кейс іске асырылғанын айтты. Бұл тетік алимент төлеу сомасын азайту үшін борышкердің табысын жасыру фактілерін анықтауға мүмкіндік береді.

Вице-министр одан бөлек министрлік Digital Justice – цифрлық Әділет жобаларының портфелін іске асырып жатқанын, оған сәйкес «Цифрлық нотариат», «Аттестаттау реинжинирингі», «Е-заң көмегі» жобалары жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз