Визасыз режим Қазақстан азаматтарына Қытайда оқуға, жұмысқа орналасуға рұқсат бермейді-СІМ

Жарияланды

Биылғы жылдың 17 мамырында Сиань қаласында (ҚХР) қол қойылған Қазақстан мен Қытай арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2023 жылғы 10 қарашада күшіне енеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Осы Келісімнің 1-ші бабына сәйкес екі елдің азаматтары жеке істерді, туризмді, ем қабылдауды, халықаралық тасымалдарды, транзиттік, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды жүзеге асыру үшін визалық талаптардан босатылады. Осы ретте, азаматтардың екі мемлекет аумағында болу мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімдегі кезеңге, ал күнтізбелік 180 (жүз сексен) күн ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспауы қажет.

Азаматтарда 30 күннен артық болу қажеттілігі болған жағдайда, тиісті санаттағы кіру визасын алдын ала рәсімдеу қажет. Визасыз режим жұмысқа орналасуға, оқуға және миссионерлік қызмет жасауға құқық бермейді.

Айта кетейік Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим 10 қарашадан бастап күшіне енеді.

Сондай-ақ оқыңыз