Шетелдік интернет алаяқтардың алдауына түскен қазақстандықтар 5,8 млрд теңгеге кредит рәсімдеп, 7 млрд теңге шығынға батқан

Жарияланды
Шетелдік интернет алаяқтар қазақстандықтарға 7 млрд теңге шығын келтірді / shutterstock и freepik

Жыл басынан бері елімізде 13 700-ден астам интернет-алаяқтық тіркелген. Соның салдарынан 13,5 мыңнан астам азамат зардап шекті, оның 70% қала тұрғындары, қалған 30% ауыл тұрғындары. Бұл туралы Мәжілісте өткен тыңдауда Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлім етті.

Оның айтуынша, зардап шеккендердің әлеуметтік жағдайы әртүрлі. Олардың арасында бюджеттік сала қызметкерлері де, мемлекеттік қызметшілер де, зейнеткерлер, жеке кәсіпкерлер және басқа да санаттағы азаматтар бар.

«Азаматтарға келтірілген жалпы шығын 11 млрд. 355 млн. теңгені құрайды», деді Игорь Лепеха.

Оның дерегінше, 2,5 мың түрлі интернет-алаяқтық жасаған 521 адам ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жәбірленушілерге 523 миллион теңге көлемінде шығын өтелді.

«Сонымен бірге азаматтарға онлайн-кредиттер мен қарыздарды ресімдеуге, олардың банктік жинақтарын ұрлауға байланысты барлық интернет-алаяқтықтарды «шетелдік интернет-алаяқтар» деп аталатын шетелден келген қылмыскерлер жасайды», деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, мұндай алаяқтар азаматтарға экономикалық қауіп төндіреді.

 «Олар жасаған 9 мыңға жуық қылмыстың нәтижесінде азаматтарға шамамен 7 млрд. теңге залал келтірілді, оның ішінде 5,8 млрд. кредиттер мен қарыздар түрінде ресімделді», деді Ішкі істер министрінің оынбасары.

 Оның дерегінше: әлеуметтік портрет бойынша бұл санатқа психологиялық тұрғыдан арнайы дайындалған, 20-дан 45 жасқа дейінгі, орыс тілін еркін меңгерген, шетелдік ұйымдасқан қылмыстық топтар құрамына кіретін, «Call-орталықтары» қағидаты бойынша жұмыс істейтін, жақын және алыс шетелдерде тұрақты орналасқан ерлер мен әйелдер  кіреді. Олардың арасында рөлдер нақты бөлінген: «келіссөз жүргізушілер», «хакерлер», IT мамандары және өздерінің қауіпсіздік қызметі.

Қылмыскерлер алдаудың ең көп таралған төрт әдісін қолданады:

Біріншісі – тауарлар мен қызметтерді сату туралы онлайн жарнамаларды орналастырады;
Екіншісі – азаматтарға телефон соғып, өздерін банк пен құқық қорғау органдарының қызметкерімін деп таныстырып, оларды әртүрлі жағдайларға шабыттандырады; Үшіншісі – олар әртүрлі инвестициялық жобаларға ақшаны тиімді салуды ұсынады; Төртіншісі – олар әртүрлі компаниялар мен ұйымдардың фишингтік сайттарын жасайды, сол арқылы пайдаланушылардың құпия ақпаратын алады.

 «Шетелдік интернет-алаяқтардың» трансшекаралық қылмыстық әрекетін тергеу мен жолын кесудің қиындығы олардың орналасқан жерінде ғана емес, яғни елден тыс жерлерде, сонымен бірге олардың «хакерлік» бағдарламаларды пайдалануында», деді Игорь Лепеха.

Микроқаржы секторында проблемалық қарыз көлемі 180%-ға ұлғайып 100 млрд теңгеге жуықтағанын жазған едік. Бұл туралы ҚНРДА төрағасы Әбілқасымова мәлім еткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз