Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим 10 қарашадан бастап күшіне енеді

Жарияланды
Қытай мен Қазақстан арасында визасыз режим 10 қараша күніне енеді / freepik и shutterstock

Қазақстан мен Қытай үкіметі арасындағы визасыз режим туралы келісім 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің хаты жария болды.

«Қазақстан үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2023 жылдың 17 мамырында Сиань қаласында жасалды. 2023 жылдың 10 қарашасында күшіне енеді», – делінген СІМ-нің «Параграф» жүйесінде жариялаған хатында.

Құжатқа сәйкес Қазақстан азаматтары Қытайда Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен бастап 30 күн визасыз бола алады.
Алайда азаматтар 30 күндік визасыз режим аясында екінші елге 180 күннің ішінде 90 күннен артық бола алмайды.
Егер Қазақстан немесе Қытай азаматтары көрші елдерде көрсетілген кезеңнен ұзағырақ болуды жоспарласа, олар шекарадан өткенге дейін виза алуға өтініш білдіруі тиіс.
Сиань қаласында қол қойылған ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Тараптағы мемлекеттердің азаматтарына қатысты ақпаратпен алмасу туралы тағы бір келісім 11 қараша күшіне енеді.

Еске саламыз, осы жылы 12 сәуірде Қазақстан азаматтары Қытайда Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен бастап 30 күн визасыз бола алатыны туралы жазған едік. Осыған ұқсас ережелер Қазақстанға келетін ҚХР азаматтары үшін де қолданылады. Тиісті қаулыны ҚР Сыртқы істер министрлігі әзірлеген болатын.

 17 мамырда Сиань қаласында Қазақстан мен Қытай арасында визалық талаптарды өзара босату туралы келісімге қол қойылды. Келісімнің 11-бабына сәйкес, қос тарап келісімнің күшіне енуі үшін қажет мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кейін күшіне енетінін жазған едік.

Айбек Смадияровтың айтуынша, қазір қазақстандық тарап барлық мемлекетішілік рәсімді аяқтаған. Енді бұл рәсімді Қытай тарапы орындауға тиіс.

«Осы келісімді Қазақстан Үкіметінің 2023 жылдың 26 шілдесіндегі №612 қаулысымен бекітіп, биыл 28 шілдеде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытай халық республикасының Сыртқы істер министрлігіне тиісті хабарлама жолдады. Біз Қытай тарапының ішкі процедураларының аяқталуы туралы тиісті хабарлама күтеміз. Тиісінше, қос ел арасында өзара визасыз режимді күшіне енуі туралы ақпарат Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет ресурсында және Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланады», – деген еді Айбек Смадияров.

 

Сондай-ақ оқыңыз