2023-2024 оқу жылына арналған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын Ұлттық тестілеу орталығы жариялады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
Тізімде 49 оқу орны көрсетілген. Олардың ішінде ұлттық және өңірлік жоғары оқу орындары бар. Орындардың жалпы саны – 712, оның ішінде нысаналы орындар – 107.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантураға түсу үшін конкурсқа қатысу кезінде шекті балл және ақылы оқу негізінде 75 баллды құрайды.
2022 жылдан бастап докторантураға түсу үшін шет тілін білуге арналған сертификаттан басқа, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсыну қажет.
Гранттар тізімін мына жерден көруге болады.