Төтенше жағдайлар министрі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты қоғамға үндеу жолдады

Жарияланды
Сырым Шәріпханов сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты қоғамға үндеу жолдады

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты қоғамға үндеу жолдады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрлігі ашық жұмыс форматына көшті. Министрлікте жүргізіліп жатқан трансформацияның басты бағыттарының бірі жеке құрамның идеологиялық және тәрбие жұмысын ұйымдастыру болып табылады.

«Біздің қызметкерлеріміздің 99,9%–ы өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тігіп, өз қызметін адал және абыроймен атқаратын адамдар екенін мақтан тұтамын. Алайда, қатарымызда теріс пиғылды қызметкерлер де болуы мүмкін екенін мойындаймын.
ТЖМ азаматтық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын болады.

Сіздерді біздің қатарымыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикаға қатысуға шақырамын. Егер сіз төтенше жағдайлар министрлігінің қатарында қандай да бір сыбайлас жемқорлық сәттерін байқасаңыз, бізге міндетті түрде хабарлаңыз.Біз адамдарға көмекке келетін қызметпіз. Сондықтан қоғамның бізге деген сенімі басымдыққа ие. Адамдарды құтқарудың игі ісінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді»,-деді министр.

Айта кетейік Үлестес компанияның мүдделерін қолдап, мемлекетке үлкен зиян келтірді деген күдікпен бұрынғы Әділет министрі ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыз