Ирак Таяу Шығыстағы қақтығыстар халықаралық нарыққа мұнай жеткізуге әсер ететінін ескертті
Жарияланды
Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиа Ас-Судани Каир саммитінде Израиль мен ХАМАС тобы арасындағы қақтығыстың кеңеюі халықаралық нарыққа мұнай жеткізуге әсер ететінін айтты.
«Сенбіде Ирак Премьер-министрі егер Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс аймақтың басқа елдеріне таралса, бұл халықаралық нарықтарға мұнай жеткізуге әсер етеді деп ескерту жасады», – деп хабарлайды Associated Press.
Премьердің айтуынша, қазіргі қақтығыс «жаһандық қауіпсіздікке әсер етеді, аймақтағы келіспеушіліктердің күшеюіне ықпал етеді. Сонымен қатар энергия жеткізіліміне қауіп төндіреді».
Ол дереу атысты тоқтатуға және тұтқындарды айырбастауға шақырды. Ас-Судани егер БҰҰ қарарлары орындалса, жағдай соншалықты алысқа бармас еді деп атап өтті.