Қазақстан-Ресей шекарасында электрондық кезекті енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады
2023 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан-Ресей шекарасында «Бидайық» автомобиль өткізу пунктінде электрондық кезек жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, электрондық кезекті брондау жүйесі Қазақстанның Қытаймен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен шекарасында іске асырылғанын және оң нәтижелерді көрсетіп отыр.
«Электрондық кезек жүйесін мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ «CarGoRuqsat» онлайн брондау сервисінің отандық әзірлеушілер мен мамандар құрды және қызмет көрсетеді.
Сервис Qoldau.kz цифрлық платформа базасында іске асырылды және тегін.
«CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесінің міндеті тасымалдаушыларға кезекті алдын ала брондау және ақпараттық жүйелерде қажетті құжаттарды тексеруді автоматтандыру мүмкіндігін беру болып табылады»-делінген хабарламада.
«Пилоттық жоба шеңберінде «Бидайық» автомобиль өткізу пункті арқылы Қазақстан аумағынан шығуды жоспарлаған тасымалдаушылар 2023 жылғы 1 қарашадан бастап «CarGoRuqsat» қосымшасы арқылы электрондық кезектен орынды брондауы қажет.
Ол үшін сілтеме бойынша өту керек, «CarGoRuqsat» қосымшасына тіркелу және кіру, «Бидайық» өткізу пунктін таңдау, шекараны кесіп өту күні мен уақытын көрсету және жүргізуші мен автокөлік туралы деректерді толтыру керек.
Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктіне уақтылы келу қажет.