Газа секторында Қазақстан азаматы қаза болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
«22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды. Өкінішке қарай, онымен бірге 23 жастағы қызы да көз жұмды. Қыз Палестина азаматы болатын»,- дедіСІМ баспасөз қызметі.
Отандасымыз Газа секторында күйеуі Палестина азаматымен бірге ұзақ уақыттан бері тұрып келген.
Айта кетейік, Айбек Смадияров Қазақстанның Иорданиядағы елшігінің хабарлауынша Газа секторында біздің еліміздің паспорты бар 25 азамат бар екенін айтты. Олар негізінен Палестина азаматтарына тұрмысқа шыққандар.