Tengri Bank-тің бұрынғы басшысы Ержан Шайкенов банк қаражатын ұрлағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Tengri Bank басқармасының бұрынғы төрағасы Ержан Шайкенов банк қаражатын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Bes Media.
Не болды. Бұрынғы Tengri Bank басқарма төрағасы Ержан Шайкенов пен төрағаның орынбасары Бақтияр Ілиясов 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот оларды «сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемдену» және «қаржы ұйымының басшы қызметкері жасаған өкілеттіктерді теріс пайдалану»баптары бойынша кінәлі деп тапты.
Сот шешімі. Бұрынғы банкирлерге өмір бойы қаржы ұйымдарының ірі акционерлері болуға тыйым салынды. Сот олардың мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды және коммерциялық ұйымдарда 10 жыл материалдық-жауапты және басқарушы лауазымдарға тыйым салды. Банктің бұрынғы топ-менеджерлерінен 20 АЕК (69 мың теңге) өндірілді.
Шайкенов пен Ілиясов орта қауіпсіздік ҚАЖ мекемелерінде мерзімін өтейтін болады. Үкім күшіне енген жоқ.
Сондай-ақ, сот алты сотталушыны кінәлі деп тапты. Олардың кейбіреулері Tengri Bank қызметкерлері. Сот сотталушылардан 23,6 млрд теңгені Tengri Bank пайдасына өндіріп алуды ұйғарды. Сондай- ақ олардан 710 млн теңге мемлекеттік баж және процестік шығындар мен 17 млн теңге өндірілетін болады.
«Tengri Bank» АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Шайкенов 2021 жылғы 16 ақпанда ұсталды.