Жаңалықтар

Kaspi.kz таза пайдасын 50 пайызға арттырды

Фото: kursiv.media

Kaspi.kz финтех тобы 2023 жылдың тоғыз айында таза пайдасын 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50%-ға арттырды. Бұл туралы компания есебінде жазылған.

Қаңтар-қыркүйек айларында Kaspi.kz-тің таза пайдасы 601 млрд теңгені (1,3 млрд доллар) құрап, табысы 1,3 трлн теңгеге (2,8 млрд доллар, өсім 53%) жеткен. ІІІ тоқсан қорытындысында таза пайдасы 232 млрд теңге (40%-ға өсті) болса, табысы 508 млрд теңгені (51%-ға өсті) құрады.

Kaspi.kz табыс пен пайданың негізгі көзі ретінде төлем бағыттарын, маркетплейс және финтех қызметтерін атайды. Үшінші тоқсанда мобильді қосымша арқылы жасалған транзакциялар саны рекорд орнатқан. Транзакциялардың бір пайдаланушыға шаққандағы орташа айлық саны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 18%-ға өсті.

Жылдың алғашқы тоғыз айында маркетплейсте сатылған тауарлардың жалпы құны (GMV) 43%-ға, ал жалпы төлем көлемі (TPV) 41%-ға өсті. Компания төртінші тоқсанда өнімділік Kaspi Delivery жеткізу қызметі мен Kaspi Advertising жарнама платформасын енгізу есебінен төртінші тоқсанда өнімділік жақсарады деп күтіп отыр.

Сондай-ақ ІІІ тоқсанда «e-Grocey» бағытының (күнделікті тауарлардың онлайн саудасы) негізгі көрсеткіштері: сату көлемі мен тұтынушылар саны 3,4 есе өсті.

Ағылшын тіліндегі есепте топтың қолма-қол ақша өндіру мүмкіндігінің өзгеріссіз қалғаны және басшылық Лондон қор биржасында (LSE) сатылатын жаһандық депозитарлық қолхатқа (GDR) 850 теңге көлемінде дивиденд төлеуге шешім қабылдағаны жазылған. Сонымен қатар, топ жалпы көлемі 100 миллион долларға жететін жаңа кері сатып алу бағдарламасын іске қоспақ, қазіргі уақытта жалпы сомасы 248 миллион долларға тең бағалы қағаздар сатып алынды.

Сондай-ақ, Kaspi.kz жеке ақпараттық хабарламасында 16 қазан мен 20 қазан аралығындағы апта ішінде жалпы сомасы 2,6 миллион долларға тең GDR сатып алынғаны туралы хабарлады. Сатушы – JPMorgan Securities, ол бағалы қағаздарды бұрын Kaspi.kz мүддесі үшін ұстаушылардан сатып алған.

Қазан айының ортасында Kaspi.kz АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясын (SEC) америкалық биржада GDR орналастыруға дайындық барысы туралы хабарлады. Мәміле параметрлері мен нақты алаң аталмаған. АҚШ – Ұлыбританиядан кейінгі Kaspi.kz бағалы қағаздары сатылатын шетелдік юрисдикция болуы мүмкін. Топ GDR-ін 2020 жылдан бері LSE-де сатады.