Қазақстанның үш елдегі елшілері ауысты

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Мемлекет басшысы Қазақстанның Мексика, Индонезия, Латвия елдеріндегі елшілерін ауыстырды. Бұл жайлы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басышысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды», делінген хабарламада.

Сарекеновтың орнына Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов тағайындалды.

Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол мұның алдында Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған. Пірімбетовтың орнына Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына Дәурен Айтбайұлы Кәріпов тағайындалды.

Президент 25 тамыз күні Сыртқы істер министрлігінде ауыс-түйіс жасаған болатын. Президент жарлығына сәйкес, Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметі Қазақстанның Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол бұл қызметке тағайындалғанға дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымын атқарған еді.

Президент Жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Сондай-ақ оқыңыз