Мереке күндері интернет өшіріле ме? – ІІМ түсінік берді
Әлеуметтік желілерде бүгін – 24 қазан, сондай – ақ ертең- 25 қазан, Қазақстанда интернет өшірілетіні туралы ақпарат тарады. Бірақ Ішкі істер министрлігі бұл болжамдарды жоққа шығарды.
«Ақпарат шындыққа жанаспайды. Ішкі істер органдары жалған хабарлама таратушыны іздестіруде. ІІМ азаматтарды арандатушылыққа берілмеуге шақырады. Қазақстанның 274-бабына сәйкес жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгені туралы ескертеді», – деп хабарлады ведомстводан.
Айта кетейік, ертең 25 қазанда Қазақстан Республика күнін атап өтеді. Ішкі істер министрлігі ертең барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейтінін мәлімдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде радикализмге, экстремизмге, құқықтық нигилизм және тұрмыстық вандализмге жол берілмейтінін мәлімдеді. Бұл жайлы мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты рәсімде айтты.
Айта кетейік WhatsApp 24 қазаннан бастап қандай телефондарда жұмысын тоқтатады деп хабарладық.