Молдовада ресейлік БАҚ-тың сайттарын бұғаттау туралы шешім қабылданды
Жарияланды
Молдова Ақпарат және қауіпсіздік қызметі ресейлік БАҚ-тың 22 сайтын бұғаттады, мұндай бұйрыққа Ақпарат және қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Мустяце қол қойды. Бұл тура Интерфакс ру сайты хабарлады.
Сәуір айында Молдавияның Ақпарат және қауіпсіздік қызметі «жалған ақпаратпен күрес» салдарынан ресейлік БАҚ-тың интернет-ресурстарын тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Бұғаттау туралы бұйрық желілік провайдерлер мен электрондық байланыс қызметтеріне жіберілгені атап өтілді.
Естеріңізде болса 22 наурызда Ақпарат және қауіпсіздік қызметі жалған ақпаратпен күресу аясында Ресейлік Sputnik агенттігінің сайттарын бұғаттауды талап етті.