Мұнай бағасы өсе түсуі мүмкін – сарапшы
Мұнай бағасы бір күн бұрын төмендегеннен кейін қайтадан тұрақты өсім көрсетті. Атап айтқанда Brent маркалы мұнай құны барреліне 90,3 долларды құрады.
Лондонның ICE Futures биржасында Мәскеу уақытымен 8:06-да Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің бағасы барреліне 90,34 долларды құрады. Бұл алдыңғы сессияның жабылу бағасынан 0,51 долларға яғни 0,57%-ға жоғары. Ал дүйсенбіде бұл келісімшарттар бір баррель үшін 2,33 долларға яғни (2,5%-ға арзандап, 89,83 долларды құраған болатын.
WTI мұнай фьючерстерінің желтоқсан айындағы баға белгілеулері Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) электронды саудада 0,45 долларға, 0,53%-ға қымбаттап, барреліне 85,94 долларды құрады. Ал сессия соңында олар 2,59 долларға арзандап, барреліне 85,49 долларға төмендеді.
«Дүйсенбі күнгі саудада екі бренд те 4 қазаннан бері пайыздық көрсеткіште айтарлықтай төмен болды. Ал сейсенбіде бағалардың көтерілуіне Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс салдарынан Таяу Шығыста үлкен қиындықтар туындауы мүмкін және мұнай жеткізілімдері бұзылады деген алаңдаушылық салдыран өсе түсті», деп жазады Trading Economics.
ActivTrades аға сарапшысы Рикардо Эвангелиста аймақтағы тұрақты құбылмалылық мұнай бағасын қолдауды жалғастыруы мүмкін екенін, осы орайда олардың өсу ықтималдығы құлдырау ықтималдығынан жоғары болатынын атап өтті.
Еске сала кетсек, Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 89 долларды құрап, ал WTI барреліне 86 доллардан асқаны туралы жазған болатынбыз.
Мұнай бағасының өсуі онсыз да жоғары жаһандық инфляциялық қысымды күшейтуі ықтимал. Себебі инвесторлар Федералды резерв жүйесі биыл пайыздық мөлшерлемені тағы да көтеруі мүмкін екенін есте ұстап отыр. Испандық iCapital фирмасының стратегия жетекшісі Гильермо Сантос мұнай бағасының қымбаттауы Батыс елдері үшін теріс инфляциялық салдар мен оның қарқынының үдеуіне әкеп соғады деп болжайды.
Сонымен қатар Таяу Шығыстағы қақтығысқа қарамастан мұнай-газ акциялары да өсті.