9 млрд доллар: Tesla 2023 жылға арналған капитал болжамын жақсартты
Tesla 2023 жылға арналған капитал болжамын жақсартты. Компанияның есебіне сәйкес, биылғы жылы капитал құны 9 миллиард доллардан асады деп болжанады.
Бұның алдындағы болжам бойынша 2023 жылы және алдағы екі жылда 7-9 млрд көлемінде болады деп болжанған еді. Tesla өз капиталын 2024-2025 жылдары да осы межеден түспейтініне сенімді.
Ал дүйсенбі күнгі сауда-саттықта Tesla акциялары 1%-ға қымбаттады. Жалпы алғанда, жыл басынан бері автоөндірушінің нарықтық құны 72%-ға өсті, ал S&P 500 қор индексі шамамен 10%-ға өсті.
Еске сала кетсек, қазан айының басында Тesla акциялары 0,9%-ға өсті. Мұнымен қоса, америкалық Tesla автомобиль өндірушісі Үндістанда Powerwall электр қуатын сақтайтын кәсіпорын салуды жоспарлап отыр.
Сонымен бірге Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған компанияның бас директоры Илон Маскпен кездесіп, зауыт салуға қолқа салды. Саясаткер миллиардерді Түркияда жетінші Tesla электромобиль зауытын ашуға шақырды. Өз кезегінде Сауд Арабиясы да бұл зауыттың өз елінде салынғанын қалайды. Эр-Рияд егер кәсіпорын өз елінде ашылса, қажетті шикізатты Конго Демократиялық Республикасынан жеткізіп отыратынын алға тартады. Өйткені дүниежүзі бойынша кобальт қорының 70%-на осы ел иелік етеді.