Израиль күн сайын Газа секторымен соғысқа шамамен 246 млн доллар жұмсайды

Жарияланды
Израиль күнде Газамен соғысқа 246 млн доллар жұмсайды

Израильдің Газа секторымен соғысқа күнделікті шығындары 1 миллиард шекелді құрайды (шамамен 246 миллион доллар). Бұл туралы армия радиосының эфирінде Израильдің Қаржы министрі Бецелель Смотрич хабарлады.

Оның айтуынша, елдің жылдық бюджетіне 7 қазаннан бастап жалғасып жатқан соғысқа байланысты өзгерістер енгізіледі.

«Биылғы жылға арналған бөлінген бюджет енді сәйкес келмейді. Оған Израильдегі оқиғалардың дамуына сәйкес өзгерістер енгізу қажет», – деді министр.

Смотрич Израильдің күнделікті әскери шығындары 1 миллиард шекелге бағаланатынын және жанама шығындардың «нақты бағасы жоқ» екенін атап өтті.

2023 жылға 484 миллиард шекел (132 миллиард доллар) көлемінде қабылданған Израильдің жылдық бюджеті 2024 жылы 514 миллиард шекел (140 миллиард доллар) деп болжанған.

Сондай-ақ оқыңыз