Қазақстандықтар Ресей рублін жаппай сатып жатыр
Коллаж: kursiv.media
Қазақстандықтар қыркүйек айында рубльді көбірек сата бастаған. Ал тамыз айында Ресей валютасын сатып алудан рекорд орнаған еді. Ұлттық банктің қолма-қол шетел валютасын сату және сатып алуға қатысты есебінен осыны байқауға болады.
Бұл айда айырбастау пункттерінде рубльді нетто-сатып алу айтарлықтай өскен – 2,7 млрд теңге. Ал тамыз айында айырбастау пункттері 12,9 млрд теңгеге рубль сатқан болатын.
Ресей валютасының басым бөлігі Алматы, Астана қаласы мен Қызылорда облысының айырбастау пункттерінде сатылды. Алматының айырбастау пункттері 1,7 млрд теңгеге рубль сатып алса, Астала қаласыдағы нүктелер 1,1 млрд теңге көлемінде ақша айырбастаған. Ал Қызылорда облысының тұрғындары 471 млм теңге көлемінде рубль сатқан.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарының ақша айырбастау пункттерінде рубльді сатып алу белсенді, таза рубль сатылымы орта есеппен 404 млн теңгені құрады.
Тамыз айында рубльдің ай сайынғы таза сатылымы шілдемен салыстырғанда екі есе өскен еді. Өткен айдан Қазақстандағы айырбастау нүктелеріне жүгінген азаматтар 12 889,9 млн теңгені рубльге айырбастаған. Тамыздағы бұл нәтиже – алғашқы сегіз айдағы ең жоғарғы көрсеткіші.
Сонымен қатар, жаздың алғашқы айында Қазақстандағы азаматтар 379, 9 млн теңгеге рубль алса, шілдеде 6033,0 млн теңгесін рублге айырбастаған. Қолда бар қаржысын рубльге «түлеткендердің» тізімінде Астана қаласы, Шығыс Қазақстан облысы мен Қарағанды облысының үлесі жоғары.
2022 жылы Қазақстанда айырбастау пункттерінің рубль сатуы сәуір айына дейін жоғары болған. Ай сайын 60–80 млрд теңгеге рубль сатылып отырған. Сәуір айынан бастап ресейлік валютаның сатылымы төмендей бастады. Қыркүйек айында Ресейде мобилизацияның басталуымен айырбастау пункттері ресейлік валютаны көбірек сатып алды. Халық арасында рубльге деген сұраныс қазан айында қалпына келіп, сатылым 7 млрд теңгеге жуықты құрады.
2023 жылдың қаңтарында айырбастау пункттері ресейлік валютаны 7,3 миллиард теңгеге сатып алған. Ақпаннан мамырға дейін рубльді таза сатып алу көлемі бірте-бірте азайып, кейін өсе бастады.
Қыркүйек айында Ресей банкі рубльді қолдау үшін шетел валютасын сатуды ұлғайтты. Қаржыгерлер ресейлік еурооблигацияларды рубльмен өтеу шетелдік ұстаушылардан шетел валютасына сұраныстың артуына себеп болуы мүмкін екенін айтады.