Абай облысының Аягөз қаласында бір үйдің 4 баласы иіс тиіп қайтыс болды. Бұл жайлы Абай обылсының баспасөз қызметі хабарлады.
«2023 жылғы 25 қазанда сағат 10:49-да ТЖБ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласының жеке үйлерінің бірінде түтін шыққандығы туралы хабар келіп түсті. 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы дереу сол жерге кетті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 ш. м. жиһаздар мен жеке заттары жанғаны анықталды. Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11.24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда. Оқиға орнында төрт баланың денесі табылды», делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда өлім себебі анықтау үшін полиция тергеу бастап, сараптама жүргізіліп жатыр.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, өрттен 8 жастағы егіздер мен олардың үш және екі жасар бауырлары қайтыс олған. Балалардың әкесі жүргізуші, оқиға кезінде жұмыста болғаны айталады. Ал анасы шаруаларымен базарға кеткен.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша қалада жоспарланған барлық мерекелік шаралар шегерілген.