Жаңалықтар

Достық Қазақстан мен Ресейдің маңдайына жазылған – Дәурен Абаев

Дәурен Абаев Қазақстан мен Ресейдің достығы жайлы айтты / архив kursiv.media


Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Абаев елші ретінде Мәскеуде болу үлкен абырой әрі жоғары сенім мен мақтаныш белгісі екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Республика күні мерекесіне орай Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде өткен салтанатты қабылдау рәсімінде айтты.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі екі ел арасындағы әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы туралы жиі айтылатынын тілге тиек етіп, оның рекордтық ұзақтығы емес, қазақстандықтар мен ресейліктердің күнделікті, жан-жақты қарым-қатынасы маңызды екеніне тоқталды.

«Белгілі саясаткер айтқандай: «Ресей – ел болып көрінетін құрлық. Ресей – ұлт болып көрінетін өркениет». Бұл сөздер Калининградтағы Курск бұлғасынан Камшаткадағы гейзерлер алқабына дейін созылып жатқан елдің екіжақтылығын айқын көрсетеді», – деді Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі.

Ол бұл жерде тек сенімді қарым-қатынас қана емес, Мемлекет басшыларының тұрақты кездесулері, тауар айналымы, жүк ағыны сонымен қатар туризм сөз болып отырғанын жеткізді.

«Әңгіме туыстардың бір-біріне баруы, достардың басқосуы, сыныптастардың кездесу жайлы да болып отыр. Сондықтан шығар, біздің Қазақстан мен Ресей дос болуға міндетті емес, достық Қазақстан мен Ресейдің маңдайына жазылған дейтініміз», – деді Д. Абаев.

Естеріңізге салайық, Дәурен Абаев биыл жазда Қазақстаннның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.