Moody’s болжамы: Қазақстанның дербес несиелік рейтингі «позитивті» деңгейде

Жарияланды

Moody’s халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның дербес несиелік рейтингін «тұрақтыдан» «позитивті» деңгейге көтерді.

Атап айтқанда, халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның дербесі несиелік рейтингін «Baa2» деңгейінде растап, «тұрақтыдан» «оңтайлы» деңгейіне дейін жақсартқан. Мұндай рейтингті растау үшін агенттік күшті мемлекеттік балансты, төмен борыштық жүктеме мен айтарлықтай валюталық резервтерді негізге алған.

Сонымен қатар, ведомство шикізаттық емес секторларға тартылған инвестиция көлемінің артқанын ескеріп, Қытай мен ЕО арасындағы сауда жолына балама ретінде қызмет ететін Транскаспий халықаралық көлік бағыты жобасы Қазақстан үшін жаңа көлік-логистикалық мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өткен.

Бұлайша болжамның «позитивтіге» өзгеруі осы динамиканы сақтай отырып, болашақта егеменді рейтингтің ықтимал жоғарылауынан сигнал береді.

«Ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикалық болашағы басқа көмірсутегі өндірушілерін қоса алғанда, ұқсас рейтингтері бар салыстырмалы елдерге қарағанда жақсырақ болады деп күтіледі. Өткен жылы шикізаттық емес секторларға инвестицияның айтарлықтай артуы таяу жылдары экономикалық өсімге оң әсер етеді. Ал Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығысқа байланысты туындаған үзілістер өз кезегінде экономиканы әртараптандыруға үлкен серпіліс берген. Сонымен қатар, Қазақстан халықаралық қатынаста кеңейіп, Ресеймен дәстүрлі байланыстарын әртараптандыра алды», деп бағалайды Moody’s.

Сонымен қатар агенттік Қазақстанның «Baa2» рейтингін растауда үкіметтің күшті балансы мен төмен борыштық жүктемені, сондай-ақ өте жоғары қарыздың қолжетімділігі мен таза актив мәртебесін негізге алған. Бұл өз кезегінде мемлекеттік өтімділік тәуекелдерін және сыртқы осалдықтарды шектей отырып, фискалдық икемділікті қамтамасыз ете алған. Moody’s республиканың шамамен 2,5-3% деңгейіндегі ЖІӨ тапшылығы орта мерзімді перспективада басқа ұқсас елдермен салыстырғанда, борыштық жүктемесін әлдеқайда төмен деңгейде ұстап тұрады деп болжайды.

Сондай-ақ оқыңыз