«Басқаларының кім екенін анықтау мүмкін емес»: Костенко шахтасында опат болған 5 адамның аты-жөні жарияланды

Жарияланды
Костенко шахтасында опат болғаны 5 адамның аты-жөні аталды / Фото: shutterstock и freepik

«АрселорМиттал Теміртауға» қарасты Костенко шахтасының директоры Сергей Мустивко қайтыс болған және зардап шеккен жұмысшылардың туыстарымен өткізілген жиналыста опат болғандардың арасындағы 5 адамның аты-жөнін жария етті.

«Бірінші болып 8 адамның денесі сыртқа шығарылған еді. Олардың арасынан тек мына кісілердің кім екенін анықтадық. Олар: Мордасов Виталий Анатольевич; Югай Александр Викторович; Адампаев Ерболат Мұратұлы; Петренко Владимир Ильич; Сайфутдияров Альберт Рифович«, – деді ол.

Оның айтуынша, қалған марқұмдардың кім екенін тану мүмкін емес. Аттары аталған шахтерлардың туған-туыстарынан мүрдені тану сұралды.

Еске саламыз, 28 қазан күні «АрселорМиттал Теміртауға» қарасты Костенко шахтасында апат болып, 33 адам опат болды.

«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалы директорының бірінші орынбасары. Геннадий Силинскийдің сөзінше, 28 қазан күні түнде шахтада 48 К-3 Батыс лавасында 42-45 секциялар арасында өрт шыққан. Барлығы 149 секция болған.

«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтінің құтқарушылары шақырылып, апатты жою жоспары екнгізілген. Адамдарды шахтадан шығару мақсатында оларға хабар беріле бастады. Осыдан кейін 7-8 минуттан кейін шахтаның апат учаскесінде жарылыс болған. Жарылыстың күшті болғаны соншалық батыс және шығыс блоктарында телекоммуникация шықты. Жарылыс толқыны тек апат учаскесін ғана емес, шығыс блоктағы К-2 лавасын да шарпыды. Жарылыс толқынының таралу ұзақтығы 2 шақырымнан асты», деді Геннадий Силинский.

Еске саламыз, соңғы ақпарат бойынша Костенко шахтасында әлі 13 адам қалып отыр. Іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда.

ТЖМ басшысы Сырым Шәріпханов, кеншілердің өзін-өзі құтқару құрылғыларының күші тек бір сағатқа жететінін айтып, оларды тірі құтқару мүмкіндігі өте аз екенін жеткізді, дегенмен соңғы сәтке дейін үмітті үзуге болмайтынын айтты.

«Тау-кен құқтқарушылар, соңғы тірі адамды немесе соңғы денені тапқанша іздестіру жұмыстарын тоқтатпайды», деді ТЖМ басшысы.

Шахтада опат болған кеншілердің отбасыларына қанша өтемақы төленетіні хабарланған еді. Сонымен қатар, 29 қазан елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Сондай-ақ оқыңыз