Жақында «АресорМиттал Теміртаудың» меншік құқығы заңды негізде Қазақстанға беріледі – Шарлапаев

Жарияланды
Число погибших при взрыве на шахте Костенко АМТ достигло 32
Фото: kursiv.media

Жақында « «ArcelorMittal Temirtau» компаниясының меншік құқығы заңды негізде Қазақстанға беріледі. Бұл жайлы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен «АреслорМиттал Теміртау» АҚ-ның қазіргі акционерлерін акционерлік құрамнан шығару жөнінде келіссөздер жүргізілді. Бұл келіссөздер нәтижесінде қазан айының аяғында кәсіпорынның меншік құқығы Қазақстан Республикасының меншігіне өтетіні жөнінде келісімге қол жеткіздік. Компания бұл ақпаратты баспасөз хабарламасы арқылы растаған болатын. Қазіргі таңда осы мәмілені заңды негізде жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада бұл үрдіс аяқталады», деді министр.

Осыған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Қазақстанда жұмысын жалғастыруы үшін оның инвесторын ауыстыру шарт еместігін мәлімдеген.  

«Бұл үлкен трагедия екенін түсініп отырмыз. Біз не істегіміз келеді? Болашақта мұндай өлім-жітім болмауын және кәсіпорында технологиялық қауіпсіздікті нығайтқымыз келеді», – деп түйіндеді сөзін Шарлапаев.

Алайда, министр айтқандай болмады. Одан асып түскен трагедияға ұласты. Құрбандар саны «Қазақстан» шахтасында болған апаттан да асып түсті. Бір қызығы, журналистер маусымдағы қасіретті оқиғадан кейін үкімет өкілдерінен «АрселорМиттал Теміртаудың» инвесторы ауыса ма?» деп талай сұрады. Бірақ ешбірі мардымды жауап айта алмаған.

Мәселен,  Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкіметтің «АрселорМиттал Теміртау» инвесторын елден қуу мақсатын көздемейтінін, керісінше, билік алдында кәсіпорынды сақтап қалу міндеті тұрғанын айтты.

«Бұл компаниямен бірдеңе жасау керек, өйткені олар бұл режимде жұмыс істей алмайды. Мақсат – инвесторды қуу емес. Мақсат – «Арселорды» құтқару. «Негізінен инвестордың кетпегені дұрыс. Олар барлық талаптарға сай болса, жұмыс істей алады. егер талаптарға сай келмесе, шешім қабылдануы керек. Шарлапаев мырза, бұл туралы айтты, халықаралық стандарттар бойынша біздің азаматтардың құқықтары сақталуы керек. Әсіресе, өндірісте жұмыс істейтін жұмысшыларға қалыпты еңбек жағдай жасалуы керек. Осының бәрі сақталса, инвесторға ешқандай сұрағымыз болмайды», деген болатын Жамаубаев.

Ол сонымен бірге компания басшылығына келтірілген шығынның орнын толтыру, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша талаптар қойылуы тиіс екенін айтты. Алайда, маусымдағы қайғылы оқиғадан соң, шахталардың талаптарға сай келетіні тексерілмеген сыңайлы. Соңында талай кенші опат болды.

Ал Роман Скляр Қазақстан үкіметі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға жаңа инвесторларды тарту мәселелерін қарастырып жатқанын айтқан.

«Тиімді жұмыс істей алатын және осы өндірісті дамытуға инвестиция салатын басқа инвесторларды тарту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, еңбек қауіпсіздігін сақтайтын инвесторлар тарту ойда бар. Әзірге қандай компанияларды қарастырып жатқанымызды айта алмаймын, оған әлі ертерек», деді Скляр.

Ал мына қайғылы оқиғадан соң, Үкіметтің меншік құқығын мемлекетке беру жөнінде келіссөздер жүргізілгенін мәлімдей бастады.

Үкімет үйінің баспасөз қызметі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Қазақстанның меншігіне берілетінін хабарлаған болатын.

«Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталып қалғанын хабарлаймыз», делінген хабарламада.

Үкіметтің бұл мәлімдемесін «ArcelorMittal Temirtau» компаниясы да растады. Компания кәсіпорынды мемлекет меншігіне өткізу мәселесін тез арада шешуге мүдделі екенін жеткізді.

«Қазақстан үкіметі бүгін хабарлағандай, екі тарап «ArcelorMittal Temirtau» компаниясының болашағын талқылады және жақында Қазақстан Республикасына меншік құқығын беретін мәміле туралы келісімге алдын ала қол қойылғанын растайды. ArcelorMittal үзілістерді азайту үшін осы транзакцияны мүмкіндігінше тезірек аяқтауға міндеттенеді», – делінген баспасөз хабарламасында.

Өкінішке қарай соңғы келіп түскен ақпаратқа сәйкес, қаза болған кеншілер саны 32-ге жетті.

Еске сала кетсек, бүгін түнде «ArcelorMittal» компаниясына қарасты Костенко шахтасында жарылыс болды.

Бұл қайғылы оқиғаға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Сонымен бірге үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында болған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылып, оны Әлихан Смайыловтың өзі басқарады.

Премьер-министрдің төрағалық етуімен құрылған комиссия құрамына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, құқық қорғау органдарының, Қарағанды облысы әкімдігінің, еңбек инспекциясының, «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағының өкілдері және т.б. кірді.  

Сонымен бірге шахтада болған апатты Бас прократура тексереді. Шахтадаға қайғылы оқиғадан кейін арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖМ мамандары кірген.      

Сондай-ақ оқыңыз