ХАМАС кепілге алынған Израиль азаматтарын Израиль түрмелерінде қамалып отырған палестиналық тұтқындарға айырбастауды ұсынды, деп хабарлайды Каzinform.
ХАМАС не ұсынды. Газа секторындағы ұйымның жетекшісі Яхья Синвардың айтуынша, Израиль түрмелеріндегі палестиналық тұтқындарға барлық азаматтық израильдік кепілге алынған адамдарды дәл қазір немесе біртіндеп айырбастау ұсынылады.
Бұл ұсынысқа Израильде не жауап берді. Беньямин Нетаньяхудің хабарлауынша, әскерилер кабинеті бұл мүмкіндікті талқылады, бірақ шешім қабылдаған жоқ. Сенбі күні Израиль премьер-министрі кепілге алынған адамдардың отбасыларымен кездесіп, мемлекеттері олардың қайтарылуы үшін бар мүмкіндікті пайдаланып отырғанына сендірді.
«Әскери қысым күшейгенше, атыс күші артқанша, біз ХАМАС-қа көбірек соққы бергенше, ХАМАС-тың жақындарыңызбен қауышуға мүмкіндік беретін шешімдерге келісетін жағдайға жетуге мүмкіндігіміз көп болады», – деді Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галлант.
Айта кетейік, Израиль дипломаттары Түркиядан кетті деп хабарладық.