Жаңалықтар

Қаза тапқан кеншілер саны 38 адамға жетті. Костенко шахтасында опат болған тағы 2 адамның аты-жөні жарияланды

шахтеры
Қаза тапқан кеншілер саны 38 адамға жетті

Костенко атындағы шахтада 38 адамның денесі табылды, 8 кеншіні іздеу жалғасуда.


«Іздеу жұмыстарын жүргізу қираған шахта жабдықтарының, сондай-ақ жекелеген жерлерде үйінділердің болуымен қиындай түсуде»-делінген хабарламада.

«АрселорМимттал Теміртау» компаниясына басшы болып тағайындалған  Вадим Басиннің айтуынша, соңғы мәліметтерге сүйене отырып, бүгінгі күні іздестіріліп жатқан кеншілердің тағы екеуінің аты-жөні нақтыланды. Олар Сапарғалиев пен Лешинко. Қалған шахтадан шығарылғандардың кім екенін анықтау мүмкін емес.

«Жарылыс салдарынан денелерді анықтау қиынға соғуда. Кеншілердің денесі аяқ-қолдары бөлінген күйде табылып жатыр. Шахтада барлық іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр»,-деді ол.

Айта кетейік, «Басқаларының кім екенін анықтау мүмкін емес»: Костенко шахтасында опат болған 5 адамның аты-жөні жарияланды.