Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 36 адамға жетті
29 қазан күнгі сағат 09:00-ге келіп түскен ақпарат бойынша Костенко шахтасында қаза болғандар саны 35 адамға жетті. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
Қазіргі уақытта 35 адамның денесі табылды, олардың 29-ының денесі жер бетіне шығарылды, 11 кеншіні іздеу жалғасуда.
«Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды»,-делінген хабарламада.
Газ жағдайын бақылау жалғасуда.
Костенко атындағы шахтадағы жағдай туралы 29 қазан сағат 10:00 бойынша ақпарат бойынша 36 адамның денесі табылды, 10 кеншіні іздеу жалғасуда.
Айта кетейік, «ArcelorMittal» компаниясына қарасты Костенко шахтасында жарылыс болды.
«Басқаларының кім екенін анықтау мүмкін емес»: Костенко шахтасында опат болған 5 адамның аты-жөні жарияланды.
Айта кетейік, бүгін 29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.