Елімізде кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тарту мақсатында арнайы бағдарлама әзірленді
Елімізде үздік педагогтерді тарту мақсатында арнайы бағдарлама іске асуда. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту баспасөз қызметі хабарлады.
Бағдарламада педагогтерді қолдаудың бірқатаршаралары, оның ішінде нақты жүктеме мен еңбекақыны ескерумен 150%-ға дейін ынталандыру төлемдері қарастырылған.
Бұдан басқа, мақсатты аймақтарға тартылған мұғалімдер кадрлық резервке енгізіліп, «Жылдың үздік жас мұғалімі» байқауына қатыса алады (жүлде қорында Қазақстанның жетекші білім беру ұйымдарында 3 айлық тағылымдамадан өту және орта білім беру бойынша халықаралық конференцияларға жолдама беру қарастырылған).
«Арнайы бағдарлама бойынша жұмысқа қабылданған педагогтерге 2023 жылы аттестаттау рәсімінен өтпей бір деңгейге жоғары біліктілік санаттары берілді. 24 педагогке «шебер-педагог», 18 педагогке – «педагог-зерттеуші», 2 педагогке – «педагог-сарапшы», 8 педагогке – «педагог-модератор» біліктілік санаттары берілді»-делінген хабарламада.
Айта кетейік, аталмыш шара педагогтердің жалақысын 30 пайыздан 50 пайызға дейін көтеруге мүмкіндік берді.