Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу украин дағдарысын қақтығыстан кейінгі реттеу жөнінде саяси дискуссияға дайын екенін мәлімдеді. 10 -Пекин Сяншань форумында сөз сөйлеген ол сонымен қатар, одан әрі қарай Батыспен бірге өмір сүру параметрлері бойынша да талқылауларға дайын екенін жеткізді.
«Қажетті жағдайларды жасай қажеттілі туындай қалса украин дағдарысын қақтығыстан кейінгі реттеу жөнінде болсын, Батыспен әрі қарай бірге өмір сүру параметрлері бойынша да – шйынайы негізде саяси талқылауларға дайындығымызды сақтаймыз», деді министр.
Сонымен қатар, ол «ғаламдық тұрақтылық пен бейбітшілікті қолдауда айрықша жауапкершілік жүктелген», БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері – барлық ядролық державалардың арасындағы теңқұқықтық қарым-қатынасты қамтамасыз ету маңызды деп атап өтті.
«Әділетті, көпполярлы әлемдік тәртіпті қалыптастыру үшін, халықаралық қауіпсіздік архитектурасын жаңартып, оны анағұрлым нығайту талап етіледі. Ол үшін, барлық мүдделі елдердің күшін біріктіру қажет», деп мәлімдеді Шойгу.