Азаматтарының дербес деректерін заңсыз таратқан 8 Telegram-бот бұғатталды

Жарияланды

Қазақстан азаматтарының дербес деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін Telegram-боттың қызметі бұғатталды. Ол үшін Цифрлық даму министрлігі Telegram әкімшілігімен жұмыс жүргізілгенін мәлімдеді.

«Мұндай Telegram-боттарды пайдалану олардың иелеріне ID, аты, тегі, лақап аты, «өзі туралы» бөлім және қосымшада орнатылған тіл сияқты жеке деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл аккаунтты бақылауды жоғалтуға немесе жазбаға қол жеткізу және пайдаланушы атынан хабарлама жіберу мүмкіндігі сияқты параллельді пайдалануға алып келуі мүмкін», делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, 28 қазанында азаматтардың құпиялылығына және олардың дербес деректерінің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірген Telegram-боттың қызметі тоқтатылған.

Дербес деректердің таралып кету қаупін азайту және оларды заңсыз жинау және өңдеу фактілерінің жолын кесу мақсатында Цифрлық даму министрлігі азаматтарды мұндай Telegram-боттарды пайдаланбауға және насихаттамауға, сондай-ақ өздерінің дербес деректерін жалпыға қолжетімді көздерде және әлеуметтік желілерде қалдырмауға шақырады.

Сонымен қатар, осындай Telegram-боттар анықталған жағдайда, азаматтардың дербес деректерді қорғау құқықтарының бұзылуын болдырмау үшін Цифрлық даму министрлігін ол жайлы тікелей хабардар ету сұралды.

Еске саламыз, азматтардың жеке деректері ұрланса, ХҚКО қызметкерлері жауапкершілікке тартылады. Бұған дейін, Мәжілісте заң жобасы қаралып жатқанын жазған едік.

Бұған дейін, ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов «Курсивке» берген сұхбатында Қазақстандағы ең ауқамды деректердің таралуы және оқиғалардың себептері мен салдары туралы айтқан еді.

Қазақстанда қандай деректер тарады. Руслан Әбдіқалықовтың айтуынша, дербес деректердің алғашқы және ең ауқымды ақпараттарының бірі 2019 жылы орын алған. Ол кезде Қазақстанның 12 млн-ға жуық сайлаушылары, яғни елдің белсенді тұрғындарының деректері пайда болған.

«Адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, сайлау учаскесі және тұрғылықты мекен — жайы жарияланды», – деді Әбдіқалықов.

Ол сондай-ақ Ресейге қарасты «Яндекс.Тамақ » – сервисі арқылы қазақстандықтар туралы да ақпарат тарағанын атап өтті.

«Содан кейін бізге Chocofamily+ден бір шағым түсті. Ол арқылы ақпараттар қол жетімді болғанын анықтадық. Барлық басқа жағдайларда деректердің жаппай бұзылуы орын алды, қызу талқылаулар болды, бірақ пайдаланушылардан шағымдар түскен жоқ», — деп нақтылады комитет басшысы.

Неге ақпараттар еркін тарады. Әбдіқалықов жеке деректердің таралуы көбінесе байқаусызда болады деп санайды. Мысалы, ОСК

Сондай-ақ оқыңыз