Шетел басшыларының келуіне байланысты Астанада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Астанаға шетел басшыларының келуіне байлынысты Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл жайлы Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Елордада шет мемлекеттердің басшыларының қатысуымен өтетін ірі қоғамдық-саяси іс-шараларға байланысты құқық қорғау мен қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаментінің жеке құрамы өз міндетін күшейтілген режимде атқарады», делінген хабарламада.

Осыған байланысты 31 қазаннан бастап, қаланың периметрі бойынша Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар қалалары, сондай-ақ Қорғалжын, Астраханка ауылдары бағыттарында және халықаралық әуежайға кіре берісте 7 бақылау-өткізу пункті орнатылады.

Бұл бақылау пункттерінде азматтардың құжаттары, сондай-ақ автокөліктерде тыйым салынған заттардың бар-жоғы тексерілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыз