«Delta Bank» ісі: Тілеубаевтың миллиардпен өлшенетін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Жарияланды
Фото: kursiv.media

«Delta Bank» ісіне қатысты Нұрлан Тілеубаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жайлы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Delta Bank» АҚ ісіне қатысты тергеуді ҚМА жалғастыруда. Forbes журналының нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендер рейтингіне енген Н.Тілеубаев 2012-2017 жылдар аралығында қайтарылмайтын несиелер беру арқылы Банктен қаражат алып шығарған», делінген хабарламада.

Бұл шығарылған қаражатқа Тілеубаев Қазақстан мен шетелден талай жылжымайтын мүлік сатып алған. Тергеу барысында Нұрлан Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі бұл мүлік анықталып, оған тыйым салу туралы санкция берілген.  

Атап айқанда, кәсіпкердің Чехияның Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамханасы, төрт бөлмелі пәтері мен 3 компаниядағы 100% акциялары, сондай-ақ БАӘ-дегі құны шамамен 5 млн доллар болатын Palm Jumeirah орналасқан вилласына агенттік санкция салған.

Сонымен қатар, Латвиямен ынтымақтастық аясында халықаралық тергеу кепілдігін жіберу арқылы Латвияда орналасқан «Вентспилс астық терминалының» 100% үлесі қамауға алынған. Бұл терминал құны 27 млрд теңгені құрайды.

Сонымен бірге Тілеубаевқа тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан атап айтқанда, 13 жер телімі, 40 көлік, 1 пәтер, 4 ғимарат Проблемалық несие қорына берілген.

Сот үкімімен Нұрлан Тілеубаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Қазіргі уақытта Н.Тілеубаевтың және оның компанияларының заңсыз қызметінің құрбандары ретінде «ҚазИнвестБанк» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «БЖЗҚ» АҚ танылған.

«ҚазИнвестБанк» АҚ – шығыны 131 млрд теңге, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ шығыны – 2,3 млрд теңге және «БЖЗҚ» АҚ – 5 млрд теңге өндіріп алу туралы азаматтық сотқа жүгінген.

Сондай-ақ оқыңыз