Альфа Банктің бұрынғы иесі Францияда ұсталды

Жарияланды
обыск
Фото: shutterstock

Альфа Банктің бұрынғы иесі, миллиардер Алексей Кузьмичев Францияда ұсталды. Кәсіпкер қаржылық қылмыс жасады және санкцияларды бұзды деген күдікке ілінген.

«Францияның қаржы прокуратурасы (Parquet National Financier, PNF) дүйсенбі күні, 30 қазан күні таңертең Альфа Банктің бұрынғы иесі Алексей Кузьмичевті қаржылық қылмыс жасады деген күдікпен, сондай-ақ санкцияларды бұзуы мүмкін деген күдікпен ұстады», деп жазды Monde газеті прокуратураның материалдарына сілтеме жасап.

PNF бұл ақпаратты растаған және кәсіпкердің «Париждегі үйінде» тінту жұмыстары жүргізілгенін хабарлаған.

Өткен жылдың наурызында Алексей Кузьмичев Еуроодақтың санкциясына ұшырады. Еуропа билігі Кузьмичевті «Ресейдегі ең ықпалды адамдардың бірі деп санайды» және оның «Ресей президенті Владимир Путинмен тығыз байланыста болғандығыы» айтылады.

Санкциялар енгізілгеннен кейін Кузьмичев пен оның серіктесі Герман Хан Альфа Банктің бенефициарларының тізімінен шыққан. Оған дейін ABH Holdings арқылы олар банк капиталының 21% және 16% акциясына иелік етіп келген.

Сондай-ақ оқыңыз