Хедж қорлар уран акцияларындағы үлесін арттырып жатыр. Осыған орай жақында уран бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл жайлы Bloomberg басылымы жазады.
Басылымның хабарлауынша, Шерил Тиан Тонг Ли Terra Capital-дағы Мэтью Лэнгсфорд, Segra Capital-дағы Артур Хайд, Argonaut Capital Partners-тегі Бэрри Норрис пен Anaconda Invest өкілі Рено Салер сияқты бірқатар хедж қор менеджерлері уран акцияларындағы үлесін арттыруды қолға алған. Яғни менеджерлердің болжауынша, жақында уранның бағасы қымбаттайды.
Сиднейлік Terra Capital компаниясындағы жалпы құны 110 млн АҚШ доллары болатын табиғи ресурстар қорының басқарушысы – Лэнгсфорд уран бағасының өсуі акциялардың 50%, 100%, тіпті одан да қымбаттауға алып келуі мүмкін екенін болжайды.
Он жылдан астам уақыт бұрын Фукушимадағы жағдайдан соң көптеген ел ядролық энергетикаға тәуелді саясатын қайта қарап, көміртегін мейлінше азайтуға бел буды. Бұл уран бағасының шарықтауына алып келді. Сәйкесінше, 2020 жылдан бері қарай уран 125%-ға қымбаттаған.
Халықаралық энергетика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, зиянды шығындыларды мейлінше азайту үшін 2050 жылдары әлемдегі ядролық қуатты 2020 жылға қарағанда екі есе арттыру керек екен. Мұндай мақсатқа Еуропа, Азия, Африкадағы ядролық реакторларға деген сұраныс себеп. Ескілерін қолдану мерзімін ұзартқанымен, Қытай жеке ядролық паркін жасақтауды тоқтатар емес. Ал оның барлығын қуаттандыру үшін уранға сұраныс артады.
Автор мұндай инвестицияның бәрібір де талас тудыратынын айтады. Ол оны 2011 жылы Фукушимадағы апатпен байланыстырады. Апат салдарынан пайда болған жаһандық дағдарысқа Германияның сол кездегі канцлері Ангела Меркельдің жауабынан соң Германия үкіметі өзінің ядролық энергетика бағдарламасына нүкте қойған еді. Бұл шешім қатты сыналып, нәтижесінде Германия Ресейден тасымалданатын зиян шығындысы көп қазбалы отынға тәуелді болып қалды.
Ресей газына балама іздеген Еуропа үшін уран – жақсы альтернатива. Дегенмен Ресей әлемдегі уран қорының 8%-ын өндіргендіктен батыс елдері энергетика саласына әлі де үлкен өзгеріс енгізуі керегін түсінді.
«Біз ашық нарықтағы уран өндірушілерге ден қойдық», – дейді Segra Capital портфолио менеджері Хайд. Компания өкілінің айтуынша, нарықтағы сұраныс пен ұсыныс теңесуі үшін жаңа активтер керек. Сонымен қатар автор Хайдтың «Ресей мен Қытайға тәуелді АҚШ, Еуропа мен Канаданы жаһандық отын циклынан алыстату жоспарланса, оның ең дұрыс жолы – жаңа шахталар, жаңа өндеу күші мен жақсарту әлеуетін жасау» деген пікірін алға тартады.
Ядролық энергия көмірқышқыл газын бөлмейді, Еуропа одағының тұрақты активтер таксономиясында «жасыл» белгімен белгіленген. Дегенмен оның да өз тәуекелі бар.
«Шығындысыз келешекке таласта оны ең негізгі қатысушы ретінде белгілемеуге екі себеп бар. Бірі реакторларының қауіпсіздігіне, радиоактив қалдықтарын көмуге қатысты скептицизм болса, екіншісі – бағасы», – дейді Bloomberg NEF өкілі Нилуши Карунаратне.
Оған қоса ол бұл секем ойды қазір жұмыс істеп тұрған реакторлар саны 2011 жылғы Фукушима апаты кезіндегіден өзгере қоймағанымен, өйткені жаңасын орнатпай жатып олардың істен шыққанымен байланыстырады.
Уран ядролық станцияларда отын ретінде қолдануға жарағанша бірнеше кезеңнен тұратын өңдеуден өтеді. Өндіріліп, ұсақтатылғаннан кейін уран рудасы газ тәріздес фторға айналады. Оны тыңайтып, отын негізіне айналдырады. Одан кейін реакторларды толтырып, отын бөлініп, энергия өндіріледі. Бұл жүйе – ядролық отын циклы деп аталады. Оған бірнеше жыл қажет болуы да мүмкін. Өйткені бірнеше елден жеткізіледі. Хайд бұл тізбектің саясатқа тәуелділігі Еуропаны тәуелсіз болуға, басқа жол табуға итермелейді дейді.
Argonaut-тың негізін қалаушысы, бас инвестициялық директоры Норрис биыл Cameco мен ҚазАтомӨндіріс-тің акцияларын сатып алғанын хабарлады. «Үкіметтер тәуелді энергетиканың пайдасыз екенін түсінген бойда ядролық энергетикаға көшеді», – дейді.
Не дегенмен уранның барлық акциялары бірдей емес. Биылғы Global X Uranium ETF акциясының 30%-ға өсуі хедж қорлардың кейбір менеджерлерін сәтсіз болуы мүмкін деген компанияларды қысқартуға мәжбүрледі. Anaconda өкілі хедж ретінде Cameco Corp акцияларын сату мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтады. Биыл компания акциялары 70%-ға қымбаттаған.
Ал Segra өкілі Хайд сенім беретін макро тарихқа қарап инвестиция жасайтын еріншектер барын айтады. Алайда ол компаниялар өз деңгейінде мардымды жұмыс істемеуі мүмкін. Оның айтуынша, сатып алушылар саны өскен сайын, кейбірі таңдаудан жаңылуы мүмкін. «Ядролық отын нарығының көп тұсы түсініксіз», – дейді Хайд.
Қорыта айтқанда, Bloomberg Intelligence уранның ондаған жылға созылған энергетикалық ауысымның маңызды күшіне айналуы мүмкін екенін алға тартады. Еуропа, Азия, Африканың жаңа ядролық реактор, ескі реакторлардың қолдану уақытын ұзартуға сұранысы, Қытайдың ядролық паркі 2020 жылдан бері уран бағасының 125%-ға өсуіне алып келді.
Terra өкілі Лэнгсфорд NexGen Energy Ltd. Мен Denison Mines Corp-дағы орнын нығайта түскенін хабарлады. NexGen Канадада жаңа уран кен орнын зерттеп жатыр. Ол әлемдік тасымалдаудың 25%-ын өндіруі мүмкін деген болжам бар.
«Ядролық энергияның алтын ғасыры саналатын 2030 жылға қарай бұл саладағы маңызын екшей түседі», – дейді Лэнгсфорд.