Жаңалықтар

Банктер мен микроқаржы ұйымдарынан қарыз алудан ерікті түрде бас тартуға болады

Алдағы уақытта ел азаматтарына банктер мен микроқаржы ұйымдарынан
қарыз алудан ерікті түрде бас тарту құқығы беріледі. Тыйым салуды «электрондық үкіметтің» жеке кабинетінде белгілеуге болады.

Бұл әр адам қарыз қақпанына түспеу үшін өз-өзіне шектеу қойып, тыйым сала алады деген сөз.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты түзетулерді қабылдады. Құжат Сенаттың қарауына жіберілді.

Несие рәсімдеуден ерікті түрде бас тарту туралы ақпарат қарызды мақұлдау кезінде назарға алынады. Бұл біреудің атынан үшінші тұлғалардың банктер мен микроқаржы ұйымдарынан қарыз алуына тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.

Азаматтар барлық операциялар туралы жеке кабинетіне келетін хабарламалар немесе SMS арқылы біліп отырады.

Дербес деректерді қамтитын базалардың меншік иелері мен операторлары бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы хабарлау міндеті жүктеледі.

«Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі енгізілді. Бұл ретте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті бақылаушы орган болып табылады», – деді мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстандағы он адамның бесеуі ғана табасын зейнетақы төлемдерімен ресми растаған.

«Ұлттық статистикалық бюросының мәліметі бойынша, елімізде 9,5 миллион адам экономикалық белсенді және әрбір оныншы азамат орташа деңгейден жоғары жалақы алады. Биыл орташа көрсеткіш 365 502 теңгені құраса, экономикалық белсенді халықтың 10 пайызы ғана 365 502 теңгеден жоғары жалақы алады екен. Бұл шындыққа мүлдем сай келмейді», – деді Freedom Insurance басқарма төрағасы Азамат Керімбаев 20-21 қыркүйекте Алматыда өткен «Орталық Азиядағы сақтандыру» XIV конференциясында сөйлеген сөзінде.

Р ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов «Курсивке» берген сұхбатында Қазақстандағы ең ауқамды деректердің таралуы және оқиғалардың себептері мен салдары туралы айтты.

Қазақстанда қандай деректер тарады. Руслан Әбдіқалықовтың айтуынша, дербес деректердің алғашқы және ең ауқымды ақпараттарының бірі 2019 жылы орын алған. Ол кезде Қазақстанның 12 млн-ға жуық сайлаушылары, яғни елдің белсенді тұрғындарының деректері пайда болған.

«Адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, сайлау учаскесі және тұрғылықты мекен — жайы жарияланды», – деді Әбдіқалықов.

Ол сондай-ақ Ресейге қарасты «Яндекс.Тамақ » – сервисі арқылы қазақстандықтар туралы да ақпарат тарағанын атап өтті.

«Содан кейін бізге Chocofamily+ден бір шағым түсті. Ол арқылы ақпараттар қол жетімді болғанын анықтадық. Барлық басқа жағдайларда деректердің жаппай бұзылуы орын алды, қызу талқылаулар болды, бірақ пайдаланушылардан шағымдар түскен жоқ», — деп нақтылады комитет басшысы.