S&P Global агенттігі Freedom Holding Corp. пен оның еншілес компанияларының рейтингін растады

Жарияланды

Фото: kursiv.media

S&P Global Ratings халықаралық агенттігі Freedom Holding Corp. пен оның еншілес компанияларының рейтингін растады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттік Freedom Holding Corp. ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «B-» деңгейінде, «Фридом Финанс» АҚ, Freedom Finance Europe Ltd., Freedom Finance Global PLC және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «B/B» деңгейінде растаған. «Фридом Финанс» АҚ және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ рейтингтері ұлттық шкала бойынша «kzBB+» деңгейінд тұр,

«Біздің Freedom Holding Corp. және топтың негізгі еншілес компанияларына тағайындаған рейтингтер, бір жағынан, оның бизнесі өсіп келе жатқан, пайда әкелетін, қаржы қызметін көрсететін ұйым ретінде мықты тұстарын, ал екінші жағынан – ол жұмыс істейтін нарықтармен және оның ұйымдық құрылымымен байланысты компанияға тән жоғары тәуекелдерді көрсетеді», – делінген S&P Global Ratings есебінде.

Холдингтің хабарлауынша, Freedom Holding Corp. және оның еншілес компанияларының рейтингтері 2023 жылдың 24 тамызында орналастырылған CreditWatch Negative («жағымсыз күтулермен қайта қаралған рейтингтер») тізімінен шығарылды.

Нарық қатысушылары, оның ішінде брокерлер, клирингтік палаталар мен қор биржалары соңғы үш ай ішінде топпен іскерлік қарым-қатынастарын сақтап қалды. Бұдан бөлек, FRHC клиенттік базасы негізінен санкциялар қолданылмайтын Қазақстан, Украина, Ресей азаматтарынан және Ресей диаспорасынан, сондай-ақ ЕО азаматтарының өсіп келе жатқан санынан тұрады. 2023 жылдың тамызы мен қазаны аралығында «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ-дағы бөлшек және корпоративтік депозиттер тұрақты болып қалды.

Агенттік алдағы 24 айда Freedom Holding Corp. Қазақстандағы қызметтен түсетін табыстың басым бөлігіне қол жеткізуді жалғастырады деп күтеді. Қазақстандағы бизнеске 2023 жылдың 30 маусымында аяқталған соңғы 15 айдағы топтың жалпы табысының жартысынан астамы тиесілі. Сонымен қатар кипрлік Freedom Finance Europe Ltd. үлесі сол кезеңдегі жалпы табыстың шамамен 15%-ына дейін қысқарды.

«Сондықтан енді холдингке Қазақстанда қызмет ететін банктер рейтингінің базалық деңгейінен екі сатыға төмен бағалы қағаздармен операциялармен айналысатын қазақстандық компаниялар үшін рейтингтің базалық деңгейі қолданылатын болады», дейді банктің баспасөз қызметі.

Топ комиссияларының жалпы сомасындағы Белиздегі құрылым комиссияларының үлесі (брокерлік, банктік және инвестициялық-банктік қызметтерді қоса алғанда) 2021 жылғы 60%-дан 8%-ға (2023 жылдың 30 маусымында аяқталған тоқсанда) дейін біртіндеп төмендеді.

Егер S&P Global Ratings корпоративтік басқару және топтың тәуекелдерін басқару практикасын нығайту жөніндегі шаралар ұзақ мерзімді болатынына көз жеткізсе, алдағы 12 айда Холдингтің және оның еншілес компанияларының рейтингі бойынша болжамды «Терістен» «Тұрақтыға» қарай қайта қарауы мүмкін. Сонымен қатар RAC коэффициенті ағымдағы деңгейде тұрақтануға тиіс, оған пайданың күшті көрсеткіштері және активтерді сатып алу бойынша мәмілелердің шектеулі саны ықпал ететін болады.

Freedom Holding Corp – қаржы қызметін, бөлшек брокерлік операциялар, инвестициялар мәселелері бойынша кеңес беру, бағалы қағаздар саудасы, өзінің еншілес Freedom компаниялары арқылы инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын холдинг. Компания – Қазақстан (KASE), Республикалық «Тошкент» (UZSE), Украина қор биржаларының (UX), Astana International Exchange (AIX) кәсіби қатысушысы. Оның бас кеңсесі Қазақстанда Алматы қаласында, ал әкімшілік кеңсесі АҚШ-та орналасқан. Бүгінгі таңда холдингтің қарапайым акциялары Nasdaq Capital Market, KASE-де саудаланады.

Сондай-ақ оқыңыз