Техникалық және кәсіптік білім беру колледждерінде оқу оқысын төлеуге несие беріледі

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Оқу-ағарту министрлігі Қаржы ұйымдары беретін білім беру несиелеріне кепілдік беру және мұндай кепілдіктің мөлшерін айқындау қағидаларын бекітті.

«Осы Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру
және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидалары «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 61) тармақшасына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдіктің мөлшерін айқындау тәртібін белгілейді», делінген түсіндірме құжатта.

Бұл құжатқа сәйкес, білім беру несиелеріне «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы кепілгер болады. «Қаржы орталығы» негізінен техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларына кепілдік береді. Қарыз алушының өтінішін қары ұйымы бірінші осы орталыққа жібереді. Бұл орталық үш күн ішінде нсиеге өтініш берушінің жазбаша арызын қарап, келісетінін немесе келіспейтінін айтып, өз жауабын береді.

Келісім берген жағдайда бұл ұйым кредитордың алдында осы кепілдік мөлшері шегінде банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындауына жауапты болады және қарыз алушымен тікелей қарым-қатынас жасамайды.

Ал оқудың кредиттік ақысын банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар кредиттік ұйым жүзеге асырады. Ол қарыз алушыға білім беру кредитінің сомасын әрқайсысы бір академиялық кезеңге траншпен төлеп отырады және білім беру
ұйымының банктік шотына қолма-қол ақшасыз тәртіппен аударады.

«Қаржы орталығы» кепілгер ретінде осы Қағидалар мен Келісімге сәйкес кепілдік мөлшері шегінде кепілдік сомасын төлеуге міндеттеледі. Барлық төлем Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылады.

Сондай-ақ оқыңыз