ITS халықаралық сауда алаңындағы акциялар мен депозитарлық қолхаттар саудасының көлемі қазан айында 65,7 млн долларды (31,3 млрд теңге1) құрады. Бұл 2023 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 57,2%-ға көп (41,8 млн доллар). Халықаралық компаниялардың акциялары мен депозитарлық қолхаттарымен мәмілелердің жалпы саны 29,8 мың мәміле болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Акциясы сатылым жағынан ең жоғары болған топ-10 компания тізіміне Birkenstock Holding (ITS: BIRK, 11,8% қазан айының жалпы сауда көлемінен), Coinbase Global (тикер: COIN, 8,03%), Tesla (тикер: TSLA, 3,46%), Marathon Digital Holdings (тикер: MARA, 3,01%), MicroStrategy Incorporated (тикер: MSTR, 2,57%), Molina Healthcare (тикер: MOH, 1,34%), Palantir Technologies (тикер: PLTR, 1,28%), Affirm Holdings (тикер: AFRM, 1,18%), Zoom Video Communications (тикер: ZM, 1,17%), Block (тикер: SQ, 1,12%) кірді.
ITS -тің жеке қор индекстерін – ITS World Index және ITS Shariah Index мәндерін қазанның 31 бойынша мынандай мәндерін көрсетті: 945,82 пункт (-2,88 % м/м) және 933,09 пункт (-4,72% м/м) сәйкесінше.
Инвесторлар үшін АҚШ, Еуропа және Азия компанияларына тиесілі 1 658 акциясы мен депозитарлық қолхаттары және американдық NYSE және NASDAQ биржаларында бастапқы листингтері бар 186 ETF бағалы қағаздары қолжетімді болады.
ITS туралы ақпараттар
ITS – өтімділіктің халықаралық хабы. Best execution принцепі мен smart order routing технологиясы негізіндегі бизнес-модельмен құнды қағаздар сауда-саттығын жүргізетін алаң. Яғни, ITS инвесторларға құнды қағаздарды жаһандық қаржы нарығындағы тиімді бағада әрі кез келген көлемде ұсынады.
ITS-тегі сауда сессиясының ұзақтығы тәулігіне 16 сағаттан аптасына 5 күн жүргізіледі. Сауда Астана уақытымен сағат 11:00 басталып, 03:00 жабылады. Яғни, Азия, Еуропа және Америка биржаларының жұмыс уақыты қамтылады.