Moody ‘s бес қазақстандық банктің рейтингін растады және болжамды оң нәтижеге көтерді

Жарияланды
Фото:iib.int

Moody ‘s Investors Service (Moody’ s) халықаралық рейтингтік агенттігі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді депозиттік рейтингтерді, контрагенттердің ұзақ мерзімді тәуекел рейтингтерін (CRR), контрагенттердің тәуекелдерін бағалауды (CR Assessments), несие қабілеттілігінің базалық бағасы бойынша «Қазақстан Халық банкі», «Altyn Bank», «Кaspi Bank», «Отбасы банкі» және ForteBank рейтингін растады және болжамды оң нәтижеге дейін көтерді, деп хабарлады агенттік.

Moody ‘s банк рейтингтері бойынша болжамдарды «тұрақтыдан» «оң нәтижеге» өзгертті.

Агенттікте нақтыланғандай, «Халық банкінің» ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтерін «Baa2» деңгейінде растау және «ba2» деңгейінде BCA банктің күшті капиталы, табыстылығы мен жақсы өтімділігі арасындағы тұрақты теңгерімді көрсетті.

Сонымен қатар, Moody ‘ s агенттігі «Altyn Bank»-тің «Ba1» және BCA-ның «ba2» деңгейіндегі депозиттерінің ұзақ мерзімді рейтингтерін растау оның төлем қабілеттілігінің жақсы көрсеткіштерімен, тәуекел деңгейі төмен активтердің құрылымымен, жоғары кірістілік көрсеткіштерімен, жақсы өтімділікпен тұрақты қаржылық профилін көрсетеді деп түсіндірді .

Агенттік сонымен қатар «Kaspi Bank»-тің ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтерін «Ba1» деңгейінде және BCA-ны «ba3» деңгейінде растауы банктің кірістілік, капиталдандыру және өтімділік сияқты жақсы қаржылық көрсеткіштерін, сондай-ақ бизнестің шоғырлану жағдайындағы соңғы құлдырауға төзімділігін көрсететінін түсіндірді.

Келесі кезекте, Moody ‘ s сарапшылары «Baa2» деңгейіндегі «Отбасы банкі» және «ba2» деңгейіндегі BCA ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтерін растау мемлекеттік қолдауды, күшті клиенттік базаны көрсетеді. Бұл жоғары табысқа, активтердің сапасына, шығындарды сіңіру қабілетіне және тұрақты қорландыру базасымен қамтамасыз етілген жеткілікті өтімділікке әкеледі деп түсіндірді.

Moody ‘ s мәліметтері бойынша, ForteBank-тің «Ba2» және BCA-ның «b1» деңгейіндегі ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтерін растау оның күшті капиталдандырылуын, жеткілікті өтімділігін және проблемалық несиелердің едәуір үлесі мен депозиттердің шоғырлануына байланысты активтердің тәуекелдерін ескере отырып өлшенген жоғары кірістілігін көрсетеді.

«Өсіп келе жатқан экономика және инфляцияның төмендеуі, сондай-ақ бәсекелестіктің төмендеуі ел банктеріне шамадан тыс тәуекелдерді қабылдамай, өздерінің клиенттік базасын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоғары экономикалық тұрақтылық макроэкономикалық және ақша-несие тұрақтылығының жақсаруына әкеледі. Moody ‘ s Қазақстан экономикасы 2023 жылы 4,5%-ға (2022 жылы 3,3%) өседі, ал 2024 жылы бұл өсім 4,5-5% -. құрайды деп күтеді. Инфляцияның төмендеуі экономикалық өсумен бірге несиеге сұраныстың артуына және банктердің несиелік қабілеттілігінің артуына әкеледі», – деп есептейді агенттік.

Агенттікте атап өткендей, 2022 жылы ресейлік банктердің еншілес компанияларының Қазақстаннан кетуі жергілікті банктерге жаңа клиенттер тартуға мүмкіндік берді. Бәсекелестікті төмендетті және бұл жоғары инфляциялық ортамен ұштастыра отырып пайыздық маржаның өсуіне алып келді.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Қазақстан Халық банкі» активтер мөлшері бойынша 1-ші, Kaspi bank – 2-ші, «Отбасы Банкі» – 4-ші, «ForteBank» – 5-ші және Altyn Bank» 12-ші орында.

Сондай-ақ оқыңыз