«Оператор РОП» ісі: Қазақстаннан қашып кеткен Шынар Мұхтарова 920 млн теңге қайтарды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
General News бөлімінің редакторы
«Оператор РОП» ұйымының бұрынғы құрылтайшысы шығынды өтеді / shutterstock

Астанада «Оператор РОП» ұйымының бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұхтарованың сот ісі жалғасуда. Бүгін оның 920 млн теңге көлеміндегі шығынды толық өтеп, алда тергеумен келіссөзге келуге дайын екені белгілі болды.

Алдыңғы сот отырысында Мұхтарова өз кінәсын мойындап, келісімге келуді қалайтынын айтқан еді. Бүгін прокуратура келісімнен бас тартқаны белгілі болды. Себебі шығын өтелгені туралы квитанцияның оригинал үлгісі болмаған.

«Біз тек Мұхтарованың ғана емес, Коротенконың да осы жағдайға қатысты қарызын өтедік. Бұл шығынды Мұхтарованың қызы өтейді. Біздің қолымызда квитанцияның оригиналы болғандықтан, біз келісімге келуге өтінішті қайта жібереміз», – дейді Мұхтарованың қорғаушысы.

Оның сөзін «Оператор РОП» өкілі растады. «Ақша түсті», – деді ол.

Судья Ибрагим Алькенов прокурорға сөз берді. Айыптау тарапының мәліметінше, Мұхтарова «Оператор РОП» құрылтайшысы болған кезде екі мәрте қаржы ұрлаған. Өз жоспарлары ол қазір қамауда отырған ұйымның бұрынғы бас директоры Светлана Коротенкоға айтып берген. Прокуратураның тұжырымына сүйенсек, ол Коротенконың көмегімен 2018 жылдың ақпан және наурыз айларында дивиденттерді бөлу туралы жиналыс өткізіп, ұйымның қаржысын заңсыз түрде иемденіп алған.

«Мұхтароваға негізсіз дивиденттер төленіп, 920 млн теңге аударып алған», – делінген мемлекеттік айыптаушы Нұрбеков оқыған айыптау актінде.

Осылайша «Жасыл Даму» АҚ және «Оператор РОП» ұйымына 920 млн теңге шығын келтірілген.

Осы жолы соты отырысы кейінге қалдырылды. Себебі Мұхтарованың қорғаушысы оларға тергеуге алдын ала дайындалуға уақыт керек екенін айтты.

«Бізге «келісім дайын және оны сот отырысы кезінде көрсетеді» деген еді. Біз сол келісіммен танысып, оған қатысты сұрақтарымызға жауап аламыз деп ойлағанбыз. Прокуратура қорғаушы тарапқа қате ақпарат берді. Прокуратураның көзқарасын біз енді ғана білдік», – дейді адвокат.

Сот қорғаушы тарапты тергеуге де және процессуалды келісімге де дайындалуды сұрап, келесі отырысты 6 қарашаға белгіледі.

«Оператор РОП» ЖШС миллиардтаған қаржысын жымқырды деген үкіммен төрт адам түрмеге қамалды. Оларға бір жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру үкімі шықты.
Істе күдікті деп танылған ұйымның бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұхтарова елден қашып кетті. Бір жыл іздеуде болған әйел 2023 жылдың шілдесінде БАӘ-нен елге экстрадицияланды.
«Оператор РОП» утильалыммен айналысқан. 2022 жылы ұйымның активтері мемлекетке қайтарылды. Оның функциялары «Жасыл даму» АҚ мемлекеттік ұйымына берілді.

Сондай-ақ оқыңыз