Бұрынғы экономика вице-министріне Кеңес Рақышевтің сақтандыру компаниясы үлесін сатып алуына рұқсат берілді

Жарияланды

Коллаж: kursiv.media

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұрынғы Экономикалық даму және сауда вице-министрі Абай Ескендіровке кәсіпкер Кеңес Рақышевқа тиесілі болған «Аманат» сақтандыру компаниясының капиталындағы ірі үлесті сатып алуға рұқсат берді.

Рұқсат алынған меншіктің нақты үлесі жарияланбаған. Тек Ескендіровтың енді «Amanat» сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының ірі қатысушысы мәртебесіне ие екені айтылған. Бұл өз кезегінде «сақтандыру ұйымының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда оның қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде, оның ішінде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде өзінің меншікті капиталын ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау міндетін көздейді».

Абай Ескендіров «Қазына» тұрақты даму қорында және оның мұрагері «Самұрық-Қазына» қорында басшылық қызмет атқарды. 2011–2014 жылдары Экономикалық даму және сауда вице-министрі, кейін Ұлттық банктің ақша-несие операциялары департаментінің директоры және «Казкоммерцбанк» АҚ Төрағасының бірінші орынбасары болды.

Аманат сақтандыру компаниясы толығымен Fincraft инвестициялық үйіне тиесілі, оның акционері соңғы уақытқа дейін кәсіпкер Кеңес Рақышев болды. Былтыр күзден бастап 2023 жылдың сәуіріне дейін өз үлесін біртіндеп азайтты. Сонымен қатар, осыған ұқсас атауы бар тағы бірнеше актив Рақышевпен байланысты, кәсіпкердің одан шыққаны туралы әлі хабарланбады. Олардың қатарында Fincraft Resources және Fincraft Group бар. Соңғысы Equus Petroleum мұнай компаниясының 50 пайыздық үлесіне ие.

2019 жылы Рақышев Ұлыбританияда тіркелген ресейлік алтын өндіруші Petropavlovsk компаниясының 22,4 пайызына иелік еткен Fincraft Holdings компаниясын сатты. Оны 91 млн долларға миллиардер Роман Троценкоға тиесілі компания сатып алды.

Сондай-ақ оқыңыз