Ұлттық банк: қазан айында іскерлік белсенділік біршама жақсарғанымен, теріс аймақта тұр
Фото: kursiv.media
Қазанда іскерлік белсенділік индексі 49,6-ге дейін біршама жақсарғанымен, әлі теріс аймақта тұр. ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің айтуынша, өндірістегі көрсеткіш оң аймаққа өтіп, 51,6 көрсеткішке дейін жақсарған.
«Құрылыста іскерлік белсенділік индексі өзгеріссіз. Көрсеткіш алдыңғы айдағыдай 48,5 күйінде қалды. Қызмет көрсету және тау-кен өндіру секторында да индекс теріс аймақта тұр. Әсіресе, қызмет көрсетуде 49,5-ке дейін (қыркүйектегі 49,1-ден) біршама ұлғайды. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде жеткізу мерзімі ұзарып, жұмыспен қамту деңгейі төмендегендіктен 48,7-ден 48,0-ге дейін түсті», – дейді ҰБ өкілі.
8 өңірде іскерлік белсенділік жақсарып, 9 өңірде нашарлап, 1 өңірде өзгеріссіз қалды.
Индекстің ең жоғары мәні Солтүстік Қазақстан облысында (58,7), ал ең аз
мәні Абай облысында (41,7) тіркелген. Алматы облысында іскерлік белсенділік өзгермеген.
Бизнес-ахуал индексі болашақ бизнес жағдайларына қатысты оптимизмнің жақсаруына байланысты өскен. Бұл көрсеткіш өндірісте айтарлықтай жақсарды, ал тау-кен өнеркәсібінде аздап төмендеді. Барлық секторларда индекс оң болып қалды.
«Сөйтіп, ағымдағы және болашақ бизнес жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес-ахуал индексі 11,2 болды (2023 жылғы қыркүйекте – 9,5). Бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында қалды. Себебі бизнес жүргізудің ағымдағы және болашақ жағдайларын бағалау оң қалпында қалып отыр», -делінген хабарламада.
Өнімге және қызметке сұраныс айтарлықтай жоғарылаған, Кәсіпорандр инфрақұрылымды оң бағаланды. Басқа факторлар (салық жүктемесі, бизнесті
қорғау мәселелері және қаржыға/несиеге қол жетімділік) бойынша теріс баға басым.
2023 жылдың қазанында бизнесцикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында қалды. Кәсіпорындардың ағымдағы бизнес жағдайларын бағалауы 2,7 құрап, айтарлықтай өзгерген жоқ. Алдағы 6 айдағы болашақ бизнесахуал бағасы 20,1 дейін жоғарылады.
Freedom Finance Global жүргізген сауалнамада қазақстандық шағын және орта бизнес биыл төртінші тоқсанда түсім көлемі өседі деп сенім білдірген.