Тоқаев Әзірбайжанның аумақтық тұтастығын қалпына келтіруін тарихи қадам деп атады

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ильхам Әлиевті Әзірбайжанның аумақтық тұтастығының қалпына келуімен құттықтады, деп хабарлады.

Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитіне қатысу үшін Астанаға келген И.Әлиевті Әзербайжан халқының ел іргесін бекемдеуімен құттықтады.

«Сіздің еліңіз аумақтық тұтастығын қалпына келтіріп, дамудың жаңа тарихи дәуіріне қадам басты. Осы тарихи қадам Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына және Қауіпсіздік кеңесінің қарарына сәйкес жүзеге асты», – деді Қазақстан басшысы.

19 қыркүйекте Әзірбайжан мойындалмаған Таулы Қарабақ аумағында әскери операция жүргізді. Операция Степанакерттегі «режимді» таратуды мақсат тұтты. Бір күнге созылған операция 20 қыркүйекте тоқтады. Тараптар атысты тыю туралы келісімге келді.
28 қыркүйекте мойындалмаған республиканың басшысы Самвел Шахраманян 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап оның қызметін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. 5 қазанда Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақты Әзірбайжан территориясы деп тану туралы декларацияға қол қойды.

Қарабақ армяндары қуғын-сүргін мен этникалық қысымнан қорқып, аймақты жаппай тастап кете бастады. Бұл Ильхам Әлиевтің олардың Әзірбайжан азаматтары екенін және өмір сүрулеріне жайлы жағдай жасауға ниетті екенін айтқанына қарамастан орын алды.
15 қазанда Ильхам Әлиев Таулы Қарабақтың бұрынғы астанасы Степанакертке келіп, Әзірбайжанның мемлекеттік туын көтерді.

Сондай-ақ оқыңыз