Жаңалықтар

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

Фото: kursiv.media

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Кеңес құрамынан Ержан Мұқанов пен Ернар Жанәділ шығарылып, орнына Айдар Рысқұлов пен Мейіржан Юсупов сайланған. Бұл жайында Қазақстан қор биржасындағы хабарламада жазылған.

Қазіргі кезде «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ Директорлар кеңесі жеті адамнан тұрады: Арман Арғынғазин, Арманбай Жұбаев, Нодир Сыдықов, Ернат Бердіғұлов, Елжас Отыншиев, Айдар Рысқұлов, Мейіржан Юсупов.

Компания бұған дейін Ержан Мұқанов 2 қазаннан бастап компания Басқарма төрағасы қызметінен босағанын хабарлаған. «KAZAKH INVEST» Басқарма төрағасы қызметін атқарған Мейіржан Юсупов «ҚазАтомӨнеркәсіптің» жаңа басшысы болып тағайындалған еді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК акцияларының 75%-ы «Самұрық-Қазынаға» тиесілі, қалған бағалы қағаздары еркін айналымда: KASE-де 0,67% және Лондон қор биржасында (LSE) 24,33%-ы депозитарлық қолхаттар арқылы айналымда жүр.

 Жақында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Францияның ірі уран өндіруші компаниясы Framatome компаниясымен де келісімге келген. Сонымен қатар компани француздың Orano  компаниясынан уранды байыту технологиясын алуды жоспарлап отыр