Фото: reuters
Өткен аптаның басты жаңалығы – АҚШ Федералды резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлеме бойынша шешімі болса, осы аптада Уолл-стрит тоқсан сайынғы есеп беру науқанын ұстайды. Экономистер мен инвесторлар Disney, Uber және басқа да ірі компаниялардың өз кірісі туралы есебін күтіп отыр.
Ал макроэкономикалық «майданда» тыныш болады. ФРЖ тұтынушыны несиелеу бойынша жаңа дерек жариялайды. Мичиган университеті тұтынушылар көңіл-күйіне жасаған зерттеуінің алдын ала нәтижесін шығарады.
Акциялар қарашаның бірінші аптасын өте жақсы деңгейде жапты, өйткені инвесторлардың ФРЖ өзінің мөлшерлемелерін көтеру циклін аяқтады деген сенімі акциялардың қымбаттауына ықпал еткен. Dow Jones Industrial Average өткен аптада шамамен 5%-ға өссе, S&P500 6% қосты. Nasdaq Composite индексі 6,6%-ға көтеріліп, 2023 жылғы кез келген негізгі индекстің ең жақсы апталық көрсеткішін жариялады.
Дүйсенбі, 6 қарашада BioNTech, Celanese, Constellation Energy, Coterra Energy, Diamondback Energy, NXP Semiconductors, Realty Income және Vertex Pharmaceuticals үшінші тоқсандағы қаржы нәтижесі туралы есеп береді.
7 қарашада ФРЖ қыркүйекке арналған тұтынушыны несиелеу дерегін жариялайды. Тамызда жалпы тұтынушылық қарыз 3,8%-ға азайып, 4,97 трлн долларға дейін төмендеді. Револьверлік несие көлемі, негізінен несие картасы бойынша қарыз 13,8%-ға өсті. Бұл ретте ипотека және автонесие сияқты қайталанбайтын несиелердің жиынтық портфелі 9,8%-ға қысқарды, бұл өз кезегінде тұрғын үй нарығының баяулауғанын байқатады.
Сонымен қатар DaVita, Devon Energy, D.R, Horton, eBay, Emerson Electric, Fidelity National Information Services, Gilead Sciences, KKR, Occidental Petroleum, Uber Technologies, UBS және Zimmer Biomet Holdings өткен тоқсандағы кіріс-шығысы жайлы есеп береді.
Biogen, Corteva, MGM Resorts International, Roblox, Take-Two Interactive Software, Walt Disney және Warner Bros. тоқсандық нәтижесін сәрсенбі, 8 қарашада хабарлайды.
Ал 9 қарашада, AstraZeneca, Becton Dickinson, Brookfield, Hologic, Illumina, Sony, Tapestry, Trade Desk, TransDigm және Wynn Resorts өткен тосандағы өаржы көрсеткіштерін жариялайд.
Жұма күні Мичиган университеті тұтынушылардың қараша айындағы көңіл-күйі туралы алдын ала дерегін жариялайды. Университет айына екі рет 500 адам сауалнамасының негізінде индикаторлық деректі жариялайды: айдың екінші жұмасында алдын ала дерек, соңғысында түзетілген мәндер. Индекстіңжоғары өсуі доллардың аздап әлсіреуін және қор нарығының көтерілуіне ықпал етеді, өйткені бұл тәуекелді активтерге сұранысты тудырады.