«АрселорМиттал Теміртау» сенімді серіктес болып қала береді» – Өнеркәсіп министрлігінің компаниямен бірлескен мәлімдемесі

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Өнеркәсіп министрлігі АоселорМитталға қатысты мәлімдеме жасады / shutterstock

Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бизнес серіктестерге арнап мәлімдеме жасады.

Министрлік жариялаған мәлімдемеге сәйкес, АМТ Костенко шахтасында қайтыс болған кеншілердің отбасына көңіл айтып, олардың қолдау көрсететінін айтқан.

Мәлімдемеге сәйкес, «АрселорМиттал» компаниясымен Қазақстан арасында өзара келісім басталып, «АрселорМиттал Теміртау» кен орындары мен металл өндіру зауыттары Қазақстанға қайтарылу бастапқы келісімге келген. «АрселорМиттал Теміртау» ішкі және аймақтық нарықтағы болат өндіруші ең ірі компания болғандықтан оның алдағы қызметін тоқтатпас үшін тараптар қолайлы жоспар құрады.

«Біз АМТ-ның барлық мүдделі тараптарына, әсіресе оның клиенттеріне, мердігерлеріне, тасымалдаушыларына:

«АрселорМиттал Теміртаумен» байланысты (Теміртаудағы Болат зауытын, көмір бөлімшесін, еншілес кәсіпорындарды, соның ішінде Ақтаудағы құбыр зауытын және ТМД елдеріндегі өкілдіктерді қоса алғанда) барлық құқықтар мен міндеттемелер орындалады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен АМТ-ның барлық құқықтары мен міндеттемелерін, соның ішінде клиенттермен жеткізу келісімдері, мердігерлердің қызметтерін қоса алғанда, қызметкерлер алдындағы міндеттемелер сақталады. 

Тапсырыстарды брондау, келісімшарттар жасасу, жөнелту, есеп айырысу және тасымалдаушылармен келісімшарттар жасауды қоса алғанда, АМТ бизнес-келісімдеріәдеттегідей жұмыс істейді» – делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, мәлімдемеде «АМТ-ның өз клиенттері үшін сенімді серіктес мәртебесін сақтап қалатыны және осы бағытта аянбай еңбек ететіні» жазылған.

Президент «AрселорМиттал Теміртауды» елдің ынтымақтастық тарихындағы ең нашар компания болғанын айтты. Және Үкіметке «AрселорМиттал» компаниясымен мемлекеттік келісімшартты бұзуды тапсырды.

Еске салайық, 28 қазанда түнгі сағат 2-ден 36 минут кеткенде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтасында тереңдігі 700 метрде өрт шығып, кейіннен метан-ауа қоспасы жарылды. 

Авария кезінде ауысымда 252 кенші болды, оның 201-і өздігінен көтеріліп, 5-і тау-кен құтқару күштерімен табылып, 46 азамат қайтыс болды.

Бұл қайғылы оқиғаға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл білдірді. Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Сонымен бірге үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Сонымен бірге мемлекет басшысы апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысына барып, қазақ тапқан кеншілерідің отбасымен кездесті. Бұл қайғылы оқиғадан соң, президент 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. 

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан Үкіметі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын мемлекет меншігіне қайтару туралы келісім жүргізіп жатқанын айтты. Кейіннен компания жұмысына инвесторлар тартылатыны туралы сөз қозғады.

Сондай-ақ оқыңыз