Қазақстанның 9 өңірінде ауа-райы бұзылып, дауыл соғады – Қазгидромет

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Қазақстанның 9 өңірінде дауыл болады. Бұл жайлы Қазгидромет хабарлады.

«Астанада 6 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақмола облысының солтүстігі мен шығысына да түнде және таңертең тұман түседі», делінген Қазгидромет хабарламасында.

Қалың тұман Көкшетауға да түседі.Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтілетінін хабарлайды Қазгидромет.

Қалған өңірлерде дауыл соғады деп күтілуде. Ұлытау, Павлодар, Қарағанды облыстарында күн құбылып, жел соғып, суыта түспек.

Ал Қызылорда облысында күндіз шығыстан жел соғады, жел екпіні облыстың шығыс бөлігінде 15-20 метр секундқа дейін күшейеді.

Жетісу облысының Алакөл көлдері аймағында ауа-райы құбылып, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20, түнде 25 метр секундқа дейін жетпек.

Сондай-ақ оқыңыз