Кіші валюталар әсерінен Крипто нарығындағы биткоиннің үлесі 50% төмендеді
Қараша айындағы криптовалюта нарығында биткоин құны 50% төмендеді. Ең танымал криптовалютаның бағасы кішігірім валюталардың өсуі әсерінен әлсіреді.
Bloomberg басылымы CoinGecko мәліметіне сүйеніп, , криптовалюта нарығындағы биткоиннің үлесі қазан айындағы 51,5%-дан 49%-ға дейін төмендегенін жазады. 100 ірі цифрлық активтер тізіміндегі 30 орта деңгейдегі валютаның көрсеткіші қарашаның алғашқы күндерінде 14% өсті. Өсу қарқыны бойынша бұл көрсеткіш криптовалютаның кең нарық индексін (қарашада 4% өсті) және биткоинді (1% өсті) айтарлықтай басып озды.
«Кішігірім валюталар өсімі біз қаңтарда байқаған жағдайдан анағұрлым ауқымды және тұрақты», – дейді Digital Asset Capital Management негізін қалаушы Ричард Гэлвин.
Қараша айының басында ең күшті крипто валюталардың бірі XRP болды. Ол тәулігіне 14% өсіп, Binance криптовалютасы төртінші орнынан ығыстырды. XRP өсімі 4 қарашада Дубайдың қаржылық қызметтер басқармасы Халықаралық Дубай қаржы орталығының резиденттеріне осы валютаны клиенттерге крипто қызмет бөлігі ретінде ұсынғанда басталды.
GetBlock журналының жазуынша, Грузия Орталық банкі XRP шығаратын Ripple компаниясын цифрлық лари жобасының серіктесі етіп таңдады. Биылғы жылы Биткоин екі есе қымбаттады. Әсіресе қазанда 28% өсті. Өткен айда инвесторлардың АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы биткоинғаинвестиция салатын ETF құруға рұқсат береді деп үміттеніп, соның әсерінен криптовалюта нығайды.
Бернштейн сарапшысы Гаутам Чугани қазан айының соңында комиссия 2024 жылдың бірінші тоқсанына дейін Bitcoin-ETF-ті мақұлдай алады. Bitcoin бағасы қазіргі 35 мың доллардан 2025 жылға қарай 150 мың долларға дейін өсуі мүмкін деп мәлімдеді. 2021 жылғы баға шыңында биткоин шамамен 69 мың доллар тұрған.